«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Экологиялық қауіпсіздікті басқару

Энергия тиімділігі

ҚР Үкіметінің энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру бойынша жүргізетін жұмыстары аясында Қоғам 2014 жылы Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағдарламасын әзірледі.

Аталған бағдарламаның мақсаты инновациялық технологияларды қолдану негізінде отын-энергетикалық ресурстарды тиімді және экономикалық тұрғыдан мақсатты пайдалану бойынша шаралар әзірлеу болып табылады:

  • электр және жылу энергиясын өндіру, электр энергиясын жеткізу, көмірді өндіру кезінде энергия ресурстарын тұтынуды озық әлемдік компаниялардың деңгейіне дейін азайту;
  • тұтынушыларды энергиямен қамтамасыз ету сенімділігін арттыру;
  • электр станцияларында қуаттың ажырауын болдырмау;
  • электр станцияларында отынды пайдалану тиімділігін арттыру.

2012 жылы қабылданған «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін Қоғамның барлық еншілес компанияларында Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің субъектілері болып табылатын мамандандырылған аккредиттелген ұйымдарды тарта отырып энергия аудиттері жүргізілді.

Ұйым ішінде энергия тұтыну

Жалпы отынды, атап айтқанда, оның түрлері бойынша тұтыну, сондай-ақ электр және жылу энегиясын тұтыну негізгі 2014 жылмен салыстырғанда азаю үрдісін көрсетіп отыр.

Ұйымның ішінде тұтыну 2014 2015 2016
Отынды жалпы тұтыну, ГДж, оның ішінде: 272 647 655 225 442 732 225 465 590
көмір 244 351 115 199 102 699 196 063 183
газ 24 743 764 23 641 748 27 328 296
мазут 2 005 872 1 325 095 803 006
бензин 290 512 267 532 255 918
дизель 1 256 393 1 105 657 1 015 186
Электр энергиясын жалпы тұтыну, млн. кВт•сағ 3 904 3 542 3 486
Жылу энергиясын жалпы тұтыну, ГДж 3 673 402 3 004 929 2 734 682
Энергияны жалпы тұтыну, ГДж 17 726 580 15 755 664 15 282 502

Энергия сыйымдылығы

Аталған көрсеткішті есептеу кезінде ақшалай алғанда өндірілген жылу және электр энергиясына, жеткізілген электр энергиясына, өндірілген көмірге шартты отын тоннасымен көрсетілген отын-энергетикалық ресурстарды тұтынудың нақты көлемі қолданылған. Есепте ұйымның ішінде тұтынылған отын, электр және жылу энергиясы есепке алынды.

Негізгі 2014 жылғы базалық көрсеткішке қарағанда 2015 жылы энергия сыйымдылығы 3 т.ш.о/млн.теңгеге, 2016 жылы 4 т.ш.о/млн. теңгеге азайды.

Энергия сыйымдылығы 2014 2015 2016
Шартты отынның тоннасы /млн. теңге 32 29 28

Энергияның тұтынуды азайту

Негізгі 2014 жылғы базалық көрсеткішке қарағанда энергияны тұтыну 2015 жылы 49 175 839 ГДж-ға, 2016 жылы 49 626 143 ГДж-ға азайды. Энергия тұтынудың азаюы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау, сондай-ақ тұтыну нарығы көлемінің азаюына байланысты электр энергиясын өндіру көлемінің жалпы төмендеуінің нәтижесі болып табылады.

Көрсеткіш атауы 2014 2015 2016
Отынды жалпы тұтыну, ГДж 272 647 655 225 442 732 225 465 590
Энергияны жалпы тұтыну, ГДж 17 726 580 15 755 664 15 282 502
Отынды/энергияны жалпы тұтыну, ГДж 290 374 235 241 198 396 240 748 092
«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Scroll Up