«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Электр энергиясын тарату

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы туралы қысқаша мәлімет

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 81,58 %)

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген ең ірі энергетикалық жүйе болып табылады. «АЖК» АҚ Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындарына электр энергиясын жеткізумен және таратумен айналысады. Қазіргі кезде осы өлкенің барлық халқы – 2,5 миллион адам электр энергиясын пайдаланады. Аумағы бойынша Алматы облысында орналасқан, Балқаш көлінің жағалауынан ҚХР-мен шекараға дейін созылып жатыр. Қызмет көрсетілетін аумақтың алаңы – 102 232 шаршы км.

  1. Негізгі қызмет түрі: электр энергиясын жеткізу және тарату
  2. Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қ, Манас көшесі, 24 «б»-үй
  3. Ірі тұтынушылар тізбесі:
  • «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС
  • «Kaz Electro» ЖШС
  • «Су желici» ШЖҚ МКК
  • «Бастау» ШЖҚ МКК
  • «Тоспа Су» ШЖҚ МКК
  • «АлЭС» АҚ
  • «МаА» АҚ
  • «КазФерроСталь» АҚ
  • АМЭС АО «KEGOC»
  • «МСЭС» АҚ
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ
  1. Ұйымдардың жеткізілім тізбегі: Электр энергиясын ЭӨҰ-дан түпкі тұтынушыға дейін жеткізу
  1. Негізгі маңызды оқиғалары мен жетістіктері:

Жұмыс істеп тұрған 6кВ 22А, 50А, 100А ҚС-ны «Алмалы» және жаңадан салынған «Медеу» мен «Шымбұлақ» ҚС ЭЖЖ–10 кВ 150А ҚС-дан 10кВ кернеуге ауыстылды, № 19А ҚС-дан жаңадан салынған «Мамыр» ҚС-ға жүктеме ауыстырылды, сонымен қатар жұмыс істеп тұрған № 4А ҚС-ның жүктемесінің бір бөлігін жаңадан салынған 110/10–10 кВ «Алатау» ҚС-ға ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Жобаларды іске асырудың тиімділігі қос трансформациядан құтылу және «АЖК» АҚ электр желілеріндегі шығыстарды азайту, сондай-ақ 35кВ кернеу сыныбын жою арқылы 10кВ тарату желілерінің өткізгіштік қабілетін арттыру, 6кВ электр желілерін 10кВ жоғары кернеуге ауыстыру болып табылады.

  1. 2016 жылғы өндірістік қызметтің қорытындылары:
Көрсеткіш 2014 нақты 2015 нақты 2016 нақты 2017 жоспар
Электр энергиясын жеткізу, млн. кВт•сағ. 6 235 6 165 6 252 6 257
  1. Штат саны: 3939 адам
  2. Компанияның веб-сайты:www.azhk.kz
  3. Инфрақұрылымды дамыту, жаңғырту: 2016 жылы жалпы ұзындығы 383,84 км. желі қосымша 138 дана ТҚС-ны ауыстыра және орната отырып, қайта құрылды. Олардың ішінде: Алматы қ. бойынша: – 220,3 км желі және 82 дана ТҚС, Алматы облысы бойынша 163,54 км желі және 56 дана ТҚС. ЭЭКЕЖ-нің орталық және жоғарғы деңгейлері өнеркәсіптік пайдалануға берілді, орнатылған ЕҚ 13 982 дананы (жоба басталғаннан бері барлығы – 91 578 дананы) құрады.

«Маңғыстау электр тораптық бөлу компаниясы» АҚ

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 75 % + 1 акция)

«Маңғыстау электртораптық бөлу компанияы» АҚ – Қазақстанның батыс. өңіріндегі ірі кәсіпорындардың бірі, ол Маңғыстау облысындағы электр энергиясын жеткізу мен тарату қызметін көрсету нарығында басым жағдайға ие. «МЭБК» АҚ желілері бойынша тасымалданатын электр энергиясының тоқсан пайызын өңірдің аса ірі мұнай өндіруші компаниялары тұтынады. «МЭБК» АҚ табиғи монополиялар субъектісі болып табылады, ол шарт негізінде Маңғыстау облысының (Ақтау қ. басқа) өнеркәсіптік, әлеуметтік объектілері мен халқына өзіне тиесілі электр желілері бойынша «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС өндіретін электр энергиясын жеткізу, таратуды жүзеге асырады.

  1. Негізгі қызмет түрі: электр энергиясын жеткізу және тарату
  2. Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қ., құс фабрикасы ауданы
  3. Ірі тұтынушылардың тізбесі:
  • «Өзенмұнайгаз» АҚ
  • «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
  • «Қаражанбасмұнай» АҚ
  • «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС
  • «ҚазТрансОйл» АҚ БФ
  • «Buzachi Operating Ltd» (Бузачи Оперейтинг Лтд) компаниясының филиалы
  • «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» АҚ
  • «Қарақұдықмұнай» ЖШС
  1. Ұйымның энергия жеткізу тізбегі: Электр энергиясын ЭЖҰ-дан түпкілікті тұтынушыға дейін жеткізу.
  1. 2016 жылғы өндірістік қызметтің қорытындылары:
Көрсеткіш 2014 нақты 2015 нақты 2016 нақты 2017 жоспар
Электр энергиясын жеткізу, млн. кВт•сағ. 2 718 2 518 2 490 2 554
  1. Штат саны: 667 адам
  2. Компанияның веб-сайты:www.mrek.kz
  3. Инфрақұрылымды дамыту, жаңғырту: 2016 жылы 8 сәуірде жаңа «Өңірлік диспетчерлік орталықтың» жұмысы таныстырылды, ол Маңғыстау облысының (Ақтау қаласынан басқа) бүкіл энергетикалық кешенін неғұрлым тиімді басқаруды және оның барынша дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін болады.

«Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» АҚ

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 100 %)

«Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» АҚ желілерінің ұзындығы 34 552,14 км. құрайды. Қызмет көрсететін аумағының алаңы – 283 300 шаршы километр. Компания Шығыс Қазақстан облысының 15 ауданына, 10 қаласына, 872 кент пен ауылына электр энергиясын жеткізеді, Шығыс Қазақстан облысында электр энергиясын жеткізу мен тарату бойынша аса ірі табиғи монополия субъектісі болып табылады.

  1. Негізгі қызмет түрі: электр энергиясын жеткізу және тарату
  2. Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 070000, Өскемен қаласы, Бажов көшесі, 10-үй
  3. Ұйымның ірі тұтынушыларының тізбесі:
  • «Шығысэнерготрейд» ЖШС
  • «Өзен» ЖШС
  • «ӨТМК» АҚ
  • «Темiржолэнерго» ЖШС
  1. Ұйымның энергия жеткізу тізбегі: Электр энергиясын ЭЖҰ-дан түпкілікті тұтынушыға дейін жеткізу.
  1. Негізгі маңызды оқиғалары, жетістіктері және қызметінің қорытындылары:

Кәсіпорынды дамыту мақсатында 2016 жылы «ШҚ АЭК» АҚ-да инвестициялық бағдарлама аясында 3 027,9 млн. теңге сомаға жұмыстар сатылды. Аталған қаражат желілер мен электр жабдықтарын салуға, жаңғыртуға, қайта құруға және жөндеуге жұмсалды.

Инвестициялық бағдарламаның арқасында компания сонымен қатар электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін ендіруде, сондай-ақ әдеттегі жалаң сымды айырылған өзін көтеруші электр сымына ауыстыруды енгізуде. Аталған шаралардың барлығы тұтынушылар үшін қолайлы жағдай туғызға тікелей байланысты болып келетін энергиямен қамтамасыз ету сапасын арттырады.

  1. 2016 жылғы өндірістік қызметтің қорытындылары:
Көрсеткіш 2014 нақты 2015 нақты 2016 нақты 2017 жоспар
Электр энергиясын жеткізу, млн. кВт•сағ. 3 391 3 431 3 375 3 566
  1. Штат саны: 3 129 адам
  2. Компанияның веб-сайты: www.ekrec.kz
  3. Инфрақұрылымды дамыту, жаңғырту: 2016 жылы 64 ҚС-ның жабдықтарын жаңғырту және қайта құру бойынша жұмыстар атқарылды, ЭЭКЕЖ-нің кіріктірілген 4 деңгейлі жүйесі әзірленіп, енгізілді, орнатылған ІҚҚ саны 33 433 дананы құрады.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 100 %)

«Алматыэнергосбыт» ЖШС – Алматы мен Алматы облысының энергетикалық кешенінің бір бөлігі. Бұл ұйымның міндетіне Алматы қ. мен Алматы облысына түрлі энергия өндірушілерден электр энергиясын жеткізу, шарт жасау, тұтынушыларға электр энергиясын сату кіреді. Алматы қ. мен Алматы облысының 2,6 миллион тұрғыны мен 24000 кәсіпорнын электр энергиясымен қамтамасыз етеді.

  1. Негізгі қызмет түрі: энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын сатып алу және оны жекелеген тұтынушыларға сату
  2. Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050026, Алматы қ., Алмалы ауданы, Әйтеке би көшесі, 172/173-үй
  3. Коммерциялық тұтынушылар саны: Тұтынушылардың жалпы саны – 781 734
  1. Ұйымның энергия жеткізу тізбегі: ЭӨҰ-дан электр энергиясын сатып алу және оны түпкілікті тұтынушыға сату
  1. Компаниялар тобының негізгі маңызды оқиғалары, жетістіктері және қызметінің қорытындылары: 2016 жыл 856 698 мың теңге – жағымды қаржылық нәтижемен аяқталды.
  1. 2016 жылғы өндірістік қызметтің қорытындылары:
Көрсеткіш 2014 нақты 2015 нақты 2016 нақты 2017 жоспар
Электр энергиясын сату, млн. кВт•сағ 5 946 5 771 5 767 5789
  1. Штат саны: 530 адам
  2. Компанияның веб-сайты: www. esalmaty.kz

«ШығысЭнергоТрейд» ЖШС

(«ШҚ АЭК» АҚ – 100 %)

«Шығыс Қазақстан Аймақтық энергетикалық компаниясы» АҚ-ның еншілес кәсіпорны «Шығысэнерготрэйд» ЖШС Шығыс Қазақстан облысының тұтынушыларына 283 300 км2 жерге 498 271-ден астам электр энергиясын жеткізуші болып табылады. Қазіргі кезде компания Шығыс Қазақстан аумағындағы 10 қаланы, 15 ауданды, 30 кентті және 870 басқа да елді мекенді электр энергиясымен жабдықтайды, оның үлесі 43 %-ды құрайды.

  1. Негізгі қызмет түрі: энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алу және оны жекелеген тұтынушыларға сату
  2. Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 070004, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Ворошилов көш., 156
  3. Коммерциялық тұтынушылардың жеке шоттарының саны:
  • Жалпы тұтынушылар саны – 498 275
  • Ұйымның энергия жеткізу тізбегі
  • ЭӨҰ-дан электр энергиясын сатып алу және оны түпкілікті тұтынушыға сату.
  1. Негізгі маңызды оқиғалары, жетістіктері және қызметінің қорытындылары: 1С 8.3 платформасына көшу, электронды шот-фактуралармен жұмыс жөніндегі мемлекеттік салық органдарының порталдарымен есепке алу жүйелерін интеграциялау, www.shygys.kz сайтындағы «Жеке кабинет», Android и iOS базасында ұялы құрылғылар үшін «Жеке кабинет» жаңартылды.
  1. 2016 жылғы өндірістік қызметтің қорытындылары:
Көрсеткіш 2014 нақты 2015 нақты 2016 нақты 2017 жоспар
Электр энергиясын сату, млн. кВт•сағ 2 707 2 643 2 671 2 629
  1. Штат саны: 242 адам
  2. Компанияның веб-сайты:www.shygys.kz
«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Scroll Up