«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Көмір өндіру

Энергетикалық көмірді экспорттау

Энергетикалық көмірді Ресейге экспорттау Қазақстаннан шығатын жиынтық экспорттың негізгі үлесін (жиынтық 26,2 млн. тоннадан 84 %-ы) құрайды. Ресей Федерациясында қазақстандық көмірге арнап жобаланған электр станциялары негізгі сұранысты қамтамасыз етеді. Қазақстанның көмір импортының көлемі Ресейдегі көмірді жалпы тұтыну көлеміне тәуелді, алайда, оны Ресейдің көмір өндірісінде пайдалану үлесі соңғы кездері азайып келеді және шамамен 20 %-ды құрайды.

2011 ж. 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. 2015 ж. 2016 ж.
Өндіру 110,1 114,3 112,8 107,6 102,2 98,0
Көмірді экспорттау 33,6 32,8 32,9 30,4 29,2 26,2
соның ішінде,
Ресей Федерациясы 29,8 29,4 27,7 24,4 22,0 22,0
РФ-ның электр станцияларына 27,7 27,6 24,9 21,1 19,0

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының 12 электр станциясына көмір жеткізетін көмір өндіретін компанияларының тізімі:

  1. «Богатырь Көмір» ЖШС (көмір маркасы КАТ);
  2. «ЕЭК» АҚ (көмір маркасы КАТ);
  3. «Ангренсор-Энерго» ЖШС (көмір маркасы КАТ);
  4. «Майкубен-Вест» ЖШС (көмір маркасы Қ3, Ұ);
  5. «Оң-Олжа» ЖШС (көмір маркасы Қ3).

Ресей Федерациясының энергетикасын дамыту дегеніміз Урал электр станцияларындағы тұтынатын көмірді Екібастұз көмірінен Кузнецк көміріне кезең-кезеңімен көшіру болып табылады. Ресей бағытына Екібастұз көмірін жеткізу бойынша экспорттық көлемді арттыруға басымдық беріліп отырған жоқ, өйткені РФ Үкіметінің өкімі бойынша, Ресей өнеркәсібін дамытудың 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған бағдарламасы қабылданды. Аталған бағдарламаға сәйкес, РФ электр станцияларындағы тұтынылатын көмірді Қазақстан (Екібастұз) көмірінен Кузнецк көміріне ауыстыру және Ресейдің жекелеген электр станцияларын газға көшіру қарастырылады.

2016 жылғы 4 ақпанда ҚР Энергетика министрлігі мен РФ Энергетика министрлігінің арасында Ресейдің Электр өндіруші кәсіпорындардың Қазақстан көмірін тұтынудың 2016–2022 жылдарға арналған индикативтік болжамына қол қойылды. Аталған болжамға сәйкес, 2016 жылы Ресейге көмір экспорттау шамамен 22,0 млн. тонна, 2017 жылы – шамамен 19,8 млн., 2018 жылы – 20,8 млн., 2019 жылы – 20,7 млн., 2020 жылы – 20,2 млн., 2021 жылы – 21,0 млн., 2022 жылы – 20,5 млн. тоннаны құрайды.

Ресейдің өндіруші компанияларының жоспарларына сәйкес, орта мерзімді келешекте Қазақстанның көмірмен жұмыс істейтін қуаттарын ішінара азайту жоспарланды. Көптеген электр станциялары 40 жылдан аса жұмыс істеп келеді, ал 2030 жылы ол 60–80 жылдарға жетеді, сондықтан олардың қуаттары ішінара пайдаланудан шығарылуы мүмкін.

2016 жылғы тұтыну көлемін мәлімделген көлемнен азайтқан РФ электр станциялары:

  1. Рефтинск ГРЭС-і (–337,0 мың тонна);
  2. Троицк ГРЭС-і (–30,0 мың тонна);
  3. Серов ГРЭС-і (–315,0 мың тонна);
  4. Омбы ЖЭО–4,5 (–1 038,5 мың тонна);
  5. Оңтүстік-Урал ГРЭС-і (–581,2 мың тонна)

2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, 2014 жылдың 12 айы үшін РФ-ға көмір экспорттау 3,8 млн. тоннаға азайды.

«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Scroll Up