«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Көмір өндіру

Саланы реттеу ортасы

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588-II «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде уәкілетті орган атынан электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асырады. Электр энергиясын өндіру секторы аталған заңнамалық актімен реттеледі.

Электр энергиясын жеткізу және үйлестіру бойынша қызметтер табиғи монополиялар саласы болып табылады және «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі № 272-I Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. Табиғи монополиялар саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті болып табылады.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 15 қазандағы № 67 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті көмір саласында:

  1. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалануға мемлекеттік бақылау жасау;
  2. Өз құзыреті шегінде жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарт талаптарын орындауына мониторинг жүргізу мен бақылау;
  3. Жер қойнауына мемлекеттік мониторинг жүргізу;
  4. Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Scroll Up