«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Көмір өндіру

Көмір өндіру аясындағы инновациялық қызмет

Қазақстанның электр энергетикасы үшін көмір өндіру маңызының жоғары болуы таза көмір технологияларын дамыту қажеттігін айқындайды.

Будың тым шамадан тыс қауіпті параметрлері

Көмір энергетикасындағы негізгі үрдіс будың жоғары шамадан тыс. қауіпті және тым шамадан тыс. қауіпті параметрлеріне көшу болып табылады. Бұл энергетикалық құрылғының пайдалы әсер коэффициентінің (ПӘК) өсуін қамтамасыз етеді, ол өз кезегінде отын шығынының, сәйкесінше қоршаған ортаға шығарындылардың азаюына әкеп соғады. Дәстүрлі параметрлері 38–39 % болса, мұндай энергетикалық құрылғылардың ПӘК-і 41–45 %-ға дейін жетеді.

Айналма қайнау қабатындағы жағу (АҚҚ)

АҚҚ технологиясы қазандық оттығындағы төмен температура есебінен азот тотықтарының шығарындыларын азайта отырып, сапасы төмен көмірді, күлі көп көмірді тиімді жағуға мүмкіндік береді.

Бу-газды цикл

Заманауи бу-газды құрылғыларда шамамен 55–60 % ПӘК бар. Одан үлкен тиімділік ЖЭО-БГҚ-ларда, сондай-ақ кәдеге жаратушы су жылытатын қазандықтары бар ГТҚ-ларда бар. Тиімділігінің жоғары болуы СО2-нің төмен үлестік шығарындыларна байланысты. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның келешек жоспарларында кәдеге жаратушы су жылытатын қазандықтары бар газ-турбиналық құрылғыларды салу бар.

Көмірқышқыл газын тұту және сақтау (КТС)

Әлемде КТС технологиялары негізгі үш бағыт бойынша дамиды:

  • СО2-ні жаққанға дейін тұту;
  • СО2-ні жаққаннан кейін тұту (табиғи резервуарларға мұнайлы қабаттарды айдау, жасыл өсімдіктерді фотосинтездеу процесінде тұту);
  • көмірді оттекті жағу.

Қазіргі уақытта аталған технологиялар тәжірибелік

«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Scroll Up