«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Активтерді жекешелендіру бағдарламасы

Қайрат Мақсұтов

«Самұрық-Энерго» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор

Бүгінгі күні «Самұрық-Энерго» АҚ халықаралық энергетикалық теңгерімге ойдағыдай кіріктірілген, энергиямен жабдықтаудың тиімділігі жоғары жүйесін құрайтын, сонымен қатар Қазақстанның барлық салаларының орнықты дамуын қамтамасыз ететін ірі көп бейінді энергетикалық холдинг болып табылады.

Қазіргі кезде Компанияның кейбір активтерін бәсекелес ортаға беру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқаны белгілі. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 «Жекешелендірудің 2016–2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына (бұдан әрі – Қаулы), сонымен қатар «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 20.01.2016 жылғы шешімімен сәйкес, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының сатылатын активтері мынадай тізбелер бойынша бөлінді:

Қоғамның № 1 тізбеге енгізілген активтері:

  • «Ақтөбе ЖЭО» АҚ;
  • «ШҚ АЭК» (құрамында «Шығысэнерготрейд» ЖШС бар);
  • «МЭБК» АҚ;
  • «АЖК» АҚ;
  • «АлЭС» АҚ;
  • «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС;
  • «Тегіс Мұнай» ЖШС (құрамында «Маңғышлақ Мұнай» ЖШС бар).

Қоғамның № 2 тізбеге енгізілген активтері:

  • «Карагандагипрошахт и К» ЖШС;
  • «Шелек–28» ЖШС.

№ 1 тізбе – басымдық тәртібімен бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын әлеуметтік-экономикалық маңызы бар ірі активтер, оларға иелік ету және (немесе) пайдалану және (немесе) билік ету Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне әсерін тигізеді.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың активтерін сатудың, қайта құрылымдаудың бірыңғай қағидаларына сәйкес, № 1 тізбедегі активтерді жекешелендіру тәуелсіз консультанттың ұсынымдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Бұл орайда № 1 тізбенің компанияларына қатысты «Самұрық-Энерго» АҚ тәуелсіз консультант ретінде «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС-ны тартты, оның міндетіне активтерді жекешелендіруге байланысты барлық іс-шараларды сүйемелдеу, оның ішінде сату алдындағы диагностика, нарықтық құн бойынша талдауы/бағасы, активтерді сату шарттарына қатысты ұсынымдарды тапсыру, мәмілелер жасау жатады.

Тәуелсіз консультанттың, Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымдарына сәйкес, «Тегіс Мұнай» ЖШС (құрамында «Маңғышлақ Мұнай» ЖШС бар), «Ақтөбе ЖЭО» АҚ; «Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» (құрамында «Шығысэнерготрейд» ЖШС бар); «Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ компаниялары үшін ашық екі кезеңдік конкурс арқылы сату тәсілі анықталды. Осы орайда 2016 жылы қарашада Қоғам аталған компанияларды сату туралы хабарлама жариялады.

№ 2 тізбедегі компанияларға www.gosreestr.kz. сату алаңында электронды аукцион арқылы жеңілдетілген тәртіпте бәсекелес ортаға сатуға ұсынылатын активтер жатады.

2016 жылы 30 маусымда «Карагандагипрошахт и К» ЖШС-ға қатысу үлесін 90,0004 % және «Шелек–28» ЖШС-ға қатысу үлесін 70 %-ға сату бойынша сауда-саттық ойдағыдай өтті.

2017 жылы жекешелендіру бағдарламасын іске асыруды жалғастыруды жоспарлап отырмыз.

«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Scroll Up