Серік Түйтебаев
«Самұрық-Энерго» АҚ Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры
Қазақстандағы ірі электр энергетикалық компаниялардың бірі бола отырып, «Самұрық-Энерго» АҚ экологиялық аспект Компанияның орнықты дамуы үдерісінде айтарлықтай рөлге ие екенін түсінеді. Қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды тиімді пайдалану Компания мен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының қызметінде маңызды рөл атқарады.
Экологиялық қауіпсіздік – «Самұрық-Энерго» АҚ құрылған күннен бастап қолдап келе жатқан негізгі қағидаттардың бірі. Өндірістік қызметті жүзеге асырған кезде біз табиғи ортаның барлық компонеттеріне тигізетін теріс әсерді мейлінше азайтуға тырыстық және тырысамыз.
Бар дағдыны және қолданылатын технологиялардың ерекшелігін, отынның қол жетімді түрлерін, климатымыздың ерекшеліктерін, сондай-ақ ынталандырушы, ал кей кезде тежеуші факторларды ескере отырып, біз компанияның ұзақ мерзімді даму стратегиясының бір бөлігі болып табылатын ұзақ мерзімді кешенді бағдарлама ретінде экологиялық саясатты әзірледік.
Әрине, қоршаған ортаны қорғау бағытында бірінші кезекте Қазақстанда қолданылатын заңнамалық талаптар мен нормаларды ұстанамыз, сондай-ақ дамыған елдердің неғұрлым қатаң нормативтеріне (мысалы, біз күл шығару бойынша еуропалық нормаларға сәйкес келеміз, Балқаш ЖЭС жобасы отынды пайдалану тиімділігі мен экологиялық параметрлер бойынша озық әлемдік технологияларға сәйкес келеді) сәйкес келуге тырысамыз.
Экология саласындағы негізгі жетістіктер 2015 жылмен салыстырғанда қоршаған атмосфералық ауаға салыстырмалы көрсеткіштер бойынша эмиссиялардың 3 %-ға азаюы болып табылады, бұл біз үшін энергия мен материал үнемдеуді және бірқатар табиғатты қорғау шараларын іске асыруды оңтайландырудың қисынды әрі болжанатын нәтижесі болып табылады.
Компания саланы реттеу тетіктерін жетілдіру, «таза» электр энергиясының, энергия тиімділіктің, энергия мен ресурсты үнемдеудің объектілер көздерін жоспарлы салу бөлігінде жаңа технологияларды ендіру және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы өндірістік қызметтің қоршаған ортаға әсерін азайтуға кезең-кезеңмен қол жеткізуді жоспарлайды.
2013 жылы жылына шамамен 3,6 млн. кВт•сағ «таза» электр энергиясын өндіре отырып, Қапшағай қаласында қуаты 2 МВт бірінші өнеркәсіптік күн электр станциясын салу бойынша инновациялық жоба табысты іске асырылды. 2015 жылы 14 тамызда Ерейментау қаласы ауданында қуаты 45 МВт жел электр станциясын пайдалануға енгізу туралы мемлекеттік комиссиясының актісіне қол қойылды, ол жыл сайын шамамен 170 млн. кВт•сағ электр энергиясын өндіруді қамтамасыз етуден басқа, шамамен 110 мың тонна көмір жағудан сақтайды және осыған байланысты парниктік газдардың шығарындыларын азайтады.
Бұған қоса, Компания табиғатты қорғау шараларының кешенді бағдарламасын іске асырады. Екібастұз ГРЭС-1-дің және ГРЭС-2-нің барлық блоктарында электр сүзгілер орнатылды, бұл күл шығарындыларын 3 еседен аса азайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді – станциялар күл тұту коэффициенттерін 99,4–99,6 %-ға арттыру есебінен шығарындылар көлемін 108 мың тоннадан 38 мың тоннаға дейін азайтты. 2015 жылы «АлЭС»АҚ-ның Алматы ЖЭО-2-де күл-қожды жоюдың аралас жүйесі пайдалануға енгізілді.
Табиғатты қорғау саласында Компания қызметінің басым даму бағыттары мен мақсаттары Қоғамның ұзақ мерзімді Даму стратегиясында және Экологиялық саясатта көрсетілді.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның әрбір еншілес және тәуелді ұйымында уәкілетті органмен келісілген қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары бар, оны орындау табиғатты арнайы пайдалануды жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады.
Іс-шаралар жоспарына мына аспектілер кіреді:
- атмосфералық ауаны қорғау;
- күл үйіндісінің шаңын басу шаралары;
- су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану;
- басқару жүйелерін және озық қауіпсіз технологияларды ендіру;
- ғылыми зерттеу, іздестіру және басқа жұмыстар;
- экологиялық оқыту және насихаттау.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның энергияны дәстүрлі өндіруі көмір, мазут және газ сияқты отын түрлерін жағу есебінен жүзеге асырылады. 2016 жылдың қорытындылары бойынша, компаниялар тобының жалпы өндіру бойынша электр энергиясының 92,5 %-ы дәстүрлі өндіру үлесінде болып келді, мұнда 2016 жылы газды пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруді арттыру көзделді. «АлЭС» АҚ-ның газотурбиналық ЖЭО-1 өндіру көлемін арттырды.
Жаңартылатын энергия көздері бойынша 2016 жылы СЭС-те электр энергияын өндіру 12 %-ға («Самұрық-Энерго» АҚ-ның жалпы өндіру бойынша 6,8 %-ы) және ЖЭК объектілерінде 88 %-ға («Самұрық-Энерго» АҚ-ның жалпы өндіру бойынша 0,7 %) артты.
2016 жылы салмағы немесе көлемі бойынша жұмсалған материалдар
Көрсеткіш | Өлшем бірлігі | Көлемі |
Көмір | тонна | 11 834 484 |
Мазут | тонна | 19 894 |
Газ | тонна | 794 806 |
Суды тұтыну тек қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады, яғни «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялары су алуды қолда бар лицензиясына сәйкес жүзеге асырады. Су қоймаларын толықтыру, буды салқындату, күл жағажайларын суару, күл үйінділеріндегі су деңгейін сақтау үшін пайдаланылады, сондай-ақ судың салмағы су электр станцияларында энергия көзі ретінде қолданылады.
2016 жылы су көздері бойынша топтастыра отырып алынатын судың жалпы мөлшері
Көрсеткіш | Өлшем бірлігі | Көлемі |
Алынатын судың жалпы көлемі | мың м³ | 9 671 594 |
беткі су объектілерінен | мың м³ | 9 619 606 |
жер астындағы су көздерінен | мың м³ | 6 817 |
басқа ұйымдардың ағын сулары | мың м³ | 406 |
Муниципалдық және сумен қамсыздандырудың басқа жүйелері | мың м³ | 44 765 |
Экологиялық қана емес, экономикалық тұрғыдан да, Компания су ресурстарын тұтынуды азайтуға тырысады, ол үшін барлық ірі кәсіпорындарда суды айналымды пайдалану жүйелері ендірілді.
2016 жылы бірнеше рет және қайта пайдаланылған судың үлесі мен жалпы көлемі
Көрсеткіш | Өлшем бірлігі | Көлемі |
Алынатын судың жалпы көлемі | мың м³ | 9 671 594 |
СЭС-те алынатын судың көлемі | мың м³ | 9 497 020 |
Бірнеше рет немесе қайта пайдаланылған судың көлемі | мың м³ | 2 921 806 |
Табиғатты қорғау шараларының кешенді бағдарламасын іске асыру 2015 жылмен салыстырғанда электр энергиясының 1 кВт•сағ-қа атомосфералық ауаға шығарылатын ластағыш заттардың салыстырмалы шығарындысының 3 %-ға азаюын қамтамасыз етті.
СО және SOx салыстырмалы шығарындысы сәйкесінше 2 және 3 %-ға азайды. NOx салыстырмалы шығарындылары 5 %-ға жуық азайды.
Біз Екібастұз ГРЭС-1-дің және ГРЭС-2-нің барлық энергия блоктарында жаңа ұрпақтағы электр сүзгілерін, сондай-ақ «АлЭС» АҚ станцияларында сулы күлді тұту эмульгаторларын пайдалануға енгізгеннен кейін күлдің атмосфераға шығарындыларының азаюының оң қарқын алғанын байқауды жалғастырамыз. 2009 жылдан 2016 жыл аралығында күлдің жалпы шығарындылары 2015 жылмен салыстырғанда 3 еседен аса және 7 %-ға азайды, оған «АлЭС» АҚ ЖЭО-1-дің газға өтуі де себеп болды.
2016 жылы атмосфераға шығарылған NOx, SO2 және басқа маңызды ластағыш заттардың шығарындылары
ЛЗ атауы | Өлшем бірлігі | Көлемі |
NOx | тонна | 54 700 |
SO2 | тонна | 132 900 |
СО | тонна | 2 800 |
Қатты бөлшектер | тонна | 28 000 |
Тұрақты органикалық ластағыштар (СО3) | тонна | – |
Ұшпа органикалық қосындылары (ҰОҚ) | тонна | 115,4 |
СО2* | мың тонна | 26 264,4 |
«Самұрық-Энерго» АҚ топ компанияныларының өнеркәсіптік объектілерінде табиғи объектілерге ағын суларды түсіру жүргізілмейді. Ағын суларды жинақтаушы ретінде жер астындағы суларға теріс әсерін тигізбейтіндей етіп салынған жасанды құрылыстар қолданылады.
Қоғамның ЕТҰ-ларда судың айналымды жүйелері қолданылатынын ескерсек, ағын сулардың көлемі айтарлықтай емес (алынатын сулардың көлемі 1 %-дан кем). Ағын сулар жинақтаушыларға түсу алдында талап етілетін көрсеткіштерге дейін қажетті тазартудан өтеді. Ағын сулардың бір бөлігі тікелей қалалық кәріз желілеріне жіберіледі, одан соң муниципалдық тазарту құрылғыларынан тазартудан өтеді.
2016 жыл ішіндегі шығарындылардың жалпы көлемі
№ | Көрсеткіш | Мағынасы | Өлшем бірлігі |
1 | Ағын сулардың көлемі | 64 842 095 | м3 |
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде мемлекет тарапынан инспекторлық экологиялық тексерулер қарастырылды, олардың нәтижелері бойынша заңнама талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар салынуы мүмкін. 2016 жылы «Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу, мұнай-газ кешенінде бақылау және мемлекеттік инспеция комитетінің Павлодар облысы бойынша Экология департаменті» сору құрылғыларын қайта жабдықтай отырып, ауаны тазарту жүйелерін жаңғырту бөлігінде экологиялық рұқсат беру талаптарын уақытылы орындамағаны үшін ЕГРЭС-2-ге айыппұл салды. Бұзушылық уақытылы қаржыландырудың болмауына байланысты болды, айыппұл сомасы шамамен 10,5 млн. теңгені құрады. Айыппұл белгіленген мерзімде толығымен өтелді.
Компанияның объектілеріне қатысты қаржылық емес санкциялар қолданылған жоқ, экологиялық мәселелер бойынша даулар болған емес.
Елеулі айыппұлдардың ақшалай мәні және экологиялық заңнама мен нормативтік талаптарды сақтамағаны үшін салынған қаржылық емес санкциялардың жалпы саны
№ | Көрсеткіш | Мағынасы | Өлшем бірлігі | Ескертпе |
1. | Елеулі айыппұлдар | 10 587,442 | мың теңге | 2016 |
2. | Қаржылық емес санкциялар | 0 | оқиғалардың саны | Қоғамға қатысты қаржылық емес санкциялар қолданылған жоқ |
3. | Дауды шешу механизмдерін пайдаланудан туындаған істер | 0 | мың теңге | Дауды шешу механизмдерін пайдаланудан туындаған істер жүзеге асырылған жоқ |
2016 жылғы жалпы шығындар мен инвестициялар
Өлшем бірлігі | Сомасы | |
Барлығы | тг | 1 197 259 178 |
Қалдықтардың айналымымен және шығарындыларды тазартуға, сондай-ақ экологиялық зиянды жоюға байланысты шығындар | тг | 825 732 793 |
Қоршаған ортаға және экологиялық менеджмент жүйесіне тигізетін әсердің алдын алуға арналған шығындар | тг | 160 383 409 |
Басқалары | тг | 211 142 976 |