«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Жасыл энергетика

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша 2016 жылғы жалпы өндіру көлемінде көмір мен газ жақпай алынған электр энергиясының таза үлесі 15,7 %-ға жетті. Даму стратегиясына сәйкес, «Самұрық-Энерго» АҚ 2025 жылға қарай компания қуаттарының құрылымында 10 %-ға дейін (850 МВт-тан аса) жаңартылатын энергия көздерінің үлесі бар көшбасшылық ұстанымдарға қол жеткізу бойынша өзіне мақсат қояды. Компания қоршаған ортаға тигізетін әсерін, оның ішінде баламалы энергия көздерінің үлесін арттыру арқылы тигізетін әсерін кезең-кезеңмен азайтуды көздейді. Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДК) қолдауымен Ерейментау жел паркінің қуаты 95 МВт-ға дейін арттырылады. «Шардара СЭС» АҚ-ң жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Шардара СЭС» АҚ-ң жаңғырту (жоба МҮИИДБ және Индустрияландыру картасына енгізілді) станцияның өнімділігін және пайдалану қауіпсіздігін жоғарылату үшін сапалық және физикалық жағынан ескірген жабдықты ауыстыруды көздейді, бұл белгіленген қуатын 126 МВт-ға дейін арттыруға және жылына қосымша 57 млн. кВт•сағ. өндіруге мүмкіндік береді.

«Ерейментау қаласы ауданында қуаты 50 МВт ЖЭС салу» жобасы жаңартылатын энергия көздері саласында қуаттарды кеңейту арқылы іске асырылады. Станция жылына 180 млн. МВтсағ. аса электр энергиясын өндіреді. Соған қоса, станцияны салу отын-энергетикалық ресурстары жалпы шығынын азайтуды, қоршаған ортаға теріс әсерді мейлінше азайтуды, сондай-ақ парниктік газдардың шығарындыларын азайтуды есепке алатын өндірілетін қуаттардың оңтайлы құрылымын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ң инвестициялық бағдарламасы өндірістік қуаттарды жаңғыртуға, қайта құруға және салуға, энергетикалық компанияларда иелік ету үлестерін сатып алуға, кеңейтуге, сондай-ақ энергиямен сенімді жабдықтауды қамтамасыз етуге, электр және жылу энергиясына мұқтаждықтарды қанағаттандыруға бағытталды.

2016 жыл үшін «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша инвестициялық бағдарлама бойынша игеру 79 061 млн. теңгені (немесе жоспардың 86 %-ын) құрады, ал жоспар бойынша – 91 825,7 млн. теңге, олардың ішінде инвестициялық жобалар бойынша игеру сомасы 41 810,1 млн. теңгеге тең (немесе жоспардың 101 %-ы), ал жоспар бойынша 41 366,5 млн. теңгеге тең болып шықты.

Компанияның инвестициялық портфеліне іске асырылатын 12 жоба кіреді (оның ішінде 4 жоба МҮИИДБ және Индустрияландыру картасы аясында іске асырылады).

Компанияның қаржылық ресурстарды тарту үшін кредит және облигация сияқты құралдарды кеңінен пайдаланады, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыру үшін Республикалық бюджеттен ақшалай қаражат тартады. Соған қоса, Қоғам Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі, Еуразия Даму Банкі және т.б. сияқты қаржыландырудың ішкі, сондай-ақ сыртқы көздерін пайдаланады.

Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамасында ІЖО-ның энергия сыйымдылығын азайту, энергия және отын-энергетикалық ресурстардың ұтымды әрі экологиялық тұрғыдан жауаптылықпен пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша міндет қойылды.

Энергия тиімділігін арттыру және декарбонизациялау мәселелері өзара тығыз байланысты. Парниктік газдар шығарындылардың азаюы энергия тиімді инновациялық технологияларды ендірудің нәтижесі болып табылады.

«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Scroll Up