«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Дәстүрлі энергетика

Серік Түйтебаев

«Самұрық-Энерго» АҚ Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры

Компания активтерінің құрамына Екібастұз ГРЭС-1 мен ГРЭС-2 станциялары сияқты аса ірі өндіруші компаниялар, сондай-ақ Алматы өңіріндегі және Ақтөбе қаласындағы жылу және электр энергияларын өндіретін ұлттық маңызға ие станциялар кіреді.

Компанияның Ұзақ мерзімді даму стратегиясы Қазақстан Республикасының экономикасын декарбонизациялау, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер саласындағы құзыреттің дамуымен қамтамасыз етілген технологиялық тиімділік есебінен өндіруші қуаттардың жұмысын оңтайландыру жөніндегі тапсырманың шешілуін болжайды.

Табиғи тозу мен парктік ресурстың істен шығуы негізіндегі экономикалық даму қарқынын назарға ала отырып, қазірдің өзінде электр станцияларын, оның ішінде еліміздің оңтүстігінде маневрлі электр станцияларын салу. Осылайша, Жүйелік оператордың деректеріне сәйкес, 2016 жылғы 1 қаңтарда электр станцияларының жалпы белгіленген қуатының 60 %-ына 30 жылдан артық уақыт болмақ. Бұдан бөлек, ҚР Бірыңғай энергетикалық жүйесіндегі жабдықтардың белгіленген бірліктерінің жалпы санының 44 % парктік ресурсын тауысты. Бес жыл ішінде жабдықтардың белгіленген бірліктерінің жалпы санының 14 %-ы өзінің парктік ресурсын тауысады.

2012 жылы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті мен Корея Республикасы Президенті Мемлекет басшыларының қатысуымен қуаты 1 320 МВт Балқаш ЖЭС-і бірінші модулінің құрылысы басталды (жоба МҮИИДБ мен Индустрияландыру картасына енгізілді). Жобаны іске асыру жылына 10 млрд. кВт•с артық электр энергиясын өндіруге және Қазақстанның электр энергиясы мен электр қуатына деген тапшылығын жабуға мүмкіндік береді.

«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Scroll Up