«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Электр энергиясын тарату

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның құрамына Алматы, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарына электр энергиясын жеткізетін, тарататын және жабдықтайтын ірі кәсіпорындар, табиғи монополиялар субъектілері кіреді.

Электр энергиясын жеткізу аясындағы инновациялық қызмет

Жобаларды іске асыру аясында электр желілерінде инновациялық технологиялар, жабдықтар және материалдар қолданылады:

  • жарылыстар мен өрттердің алдын алу жабдықтарымен жарақтандырылған электр энергиясын аз шығындайтын жаңа буынның күштік трансформаторлары;
  • орналасқан алаңда өрт туындау ықтималдығы мен пайдалану шығыстарын айтарлықтай азайтатын 110–220 кВ (ЭКТҚ) элегазды оқшаулағышы бар кешенді тарату құрылғысы;
  • заманауи микропроцессорлық техниканы қолдану негізінде орындалған релелік қорғаныс автоматика және телемеханика құрылғысы;
  • авариялық жағдайларды тұрақтандыру мен жоюға, электр желілеріндегі жедел аудару өндірісіне жұмсалатын уақытты қысқартуға мүмкіндік беретін ақпаратты басқару, жинау және өңдеу (SCADA) жүйелері тұтынушыларды қосу бойынша жедел шығу бригадаларының жергілікті жерлерге шығуына жұмсалатын шығындарды азайтады;
  • электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелері (ЭЭКЕАЖ);
  • полиэтиленнен тігілген оқшаулағышы бар, сенімді жұмыс істеуімен, жоғары өткізу қабілетімен, шығынының аздығымен, қауіпсіздігімен және пайдалану шығындарының аздығымен ерекшеленетін 35–110–220 кВ кабельдік желілер;
  • коммерциялық шығасылар мен пайдалану шығындарын азайтуға ықпал ӘЖ–0,4 кВ өзін көтеретін оқшауланған сымдар (ӨКОС);
  • өрт қауіпсіздігін арттыру және эксплуатациялық шығындарды азайту мақсатындағы 6–10 кВ вакуумдық ажыратқыштар;
  • өткізгіштік қабілетін арттыру мақсатында ӘЖ–110 кВ үшін композитті материалдан жасалған сымдар;

Жинақтай келгенде бұл іс-шаралардың барлығы жаңа буынның (SmartGrid) жоғары интеграцияланған интеллектуалдық жүйе құраушы және таратушы электр желілерін кезең-кезеңмен ендіруге, электр желілерін серпінді басқаруға, қауіпсіздікті арттыруға және шығындарды үнемдеуге ықпал етеді.

Инфрақұрылымды қайта құру және жаңғырту жобалары

«110/10 кВ Түрксіб» ҚС салу»

Алматы қ. солтүстік бөлігінің өсіп отырған жүктемесін электрмен сенімді әрі үздіксіз жабдықтау үшін трансформаторлық қуаты 80 МВА болатын 110/10 кВ «Түрксіб» қосалқы станциясын салу жобасы іске асырылуда.

«Қарасай ауданында іргелес жатқан 35/10кВ ҚС-ның жүктемесін ауыстыра отырып, 110/10кВ Шамалған ҚС» (Үшқоңыр) және «110/10кВ «Шамалған станциясы» ҚС салу арқылы электр желілерін дамыту»

Жоба Алматы облысы Қарасай және Жамбыл аудандарының тұтынушыларын электрмен қамтамасыз ету сенімділігін арттыруды, сондай-ақ электр желілеріндегі электр энергиясын шығынын азайтуды көздейді.

220 кВ Горный Гигант ҚС-ның жүктемесін кейіннен Горный Гигант ҚС-ны бөлшектеу арқылы 110 кВ желілері бойынша 220 кВ Ерменсай ҚС-ға ауыстыру

Жоба тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру мақсатында іске асырылуда.

«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Scroll Up