«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Көмір өндіру

Қазақстанның көмір өнеркәсібі мемлекет экономикаcының ірі саласының бірі болып табылады. Қазақстан көмір қорлары бойынша Қытайдан, АҚШ-тан, Ресейден, Австралиядан, Үндістаннан, БАӘ-ден, Украинадан ғана кейін қалып, көшбасшы елдердің ондығына кіреді. Мемлекеттік балансқа 49 кен орны бойынша қорлар есепке алынды, ол 33,6 млрд.тоннаны құрайды, оның ішінде тас көмір – 21,5 млрд. тонна, қоңыр көмір – 12,1 млрд. тонна. Көмір кенішінің көп бөлігі Орталық (Қарағанды және Екібастұз көмір алабы, сондай-ақ Шұбаркөл кеніші) және Солтүстік Қазақстанда (Торғай көмір алабы).

Қазақстан Республикасы әлемдік нарықтағы ірі көмір өндірушілердің ондығына кіреді, ал ТМД елдері арасында қорлар бойынша үшінші орын, көмір өндіру бойынша – екінші және халықтың жан басына шаққанда көмір өндіру бойынша бірінші орын алады.

2016 жылғы жағдай бойынша, BP Statistical Review of World Energy деректеріне сәйкес, Қазақстан дәлелденген көмір қорларының көлемі бойынша әлемде сегізінші орын алады (33,6 млрд. тонна немесе жалпы әлемдік қордың 3,8 %-ы).

Дәлелденген көмір қорларының көлемі, млрд. тонна

Рейтинг Мемлекеттердің атауы Дәлелденген көмір қорларының көлемі, млрд. тонна Әлемдегі үлесі
1 АҚШ 237,3 26,6 %
2 Ресей 157,0 17,6 %
3 Қытай 114,5 12,8 %
4 Австралия 76,4 8,6 %
5 Үндістан 60,6 6,8 %
6 Германия 40,5 4,5 %
7 Украина 33,8 3,8 %
8 Қазақстан 33,6 3,8 %
9 БАӘ 30,1 3,4 %
10 Индонезия 28,0 3,1 %
Басқалар 79,7 9,0 %
Барлығы 891,5 100 %

Қазіргі заманда республиканың көмір саласы Қазақстандағы электр энергиясы өндірісінің 74 %, кокс химиялық өндірісін жүз пайыз тиеуді қамтамасыз етеді, коммуналдық-тұрмыстық сектордың және халықтың отынға мұқтаждығын толық қанағаттандырады.

Қазақстан Республикасында көмір өндірісінде 2013 жылдан бері қарайғы кезеңде жылына 5 %-ға дейін көмір өндіру қарқынының азаюы байқалады. KAZENERGY–2015 Ұлттық баяндамасына сәйкес, 2020 жылдан кейін көмірді басқа энергия көздерімен (табиғи газ бен атом қуаттарымен) ішінара ығыстыру болжанады. 2030 жылға қарай энергетикадағы көмір үлесінің 50 %-ға дейін (қазіргі 66 %-дан) және 2040 жылы шамамен 40 %-ға дейін азаяды деп болжануда.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректері бойынша, 2016 жылы көмір өндіру көлемі 98,0 млн. тонна (жоспарға 96,5 %) құрайды. Мұнда, ішкі нарықта 71,8 млн. тонна, экспортқа – 26,2 млн. тонна жеткізілді (2015 жылға 90 %). 2017 жылғы жоспар бойынша – 100,0 млн. тонна, олардың ішінде экспортқа – 30 млн. тонна, ішкі нарыққа – 70 млн. тонна.

Көмір өндіру, млн. тонна

Жедел деректер бойынша, 2016 жылы көмір экспорты 26,2 млн. тоннаны құрады, бұл 2015 жылға қарағанда 3,0 млн. тоннаға (29,2 млн. тонна) аз.

«Жасыл» экономикаға көшудің әлемдік үрдістері қатты отынды тұтыну көлеміне әсер етеді.

Қазіргі уақытта елімізде көмір өндіру ішкі нарықтағы сұраныстан елеулі түрде артық. Оның сыйымдылығын арттыруды ұзақ мерзімді келешекте жаңа электр станцияларын іске қосу есебінен ғана болжамдауға болады.

Әлемдік трендтерді, сондай-ақ Қазақстанның жасыл экономикаға көшуін есепке ала отырып, көмір химиясын дамытуға өткір қажеттілік туындады. Бұл бағыт өнімді тұтыну қасиеттерінің сапалы өзгерістерін, сәйкесінше, оның нарықтық құнын арттыруды қамтамасыз етуі мүмкін, ал ең бастысы – энергетикалық көмір нарығының шегінен шығуына мүмкіндік береді.

«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Scroll Up