«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Компания қызметіне жасалған қаржылық және экономикалық талдау

Қайрат Мақсұтов

«Самұрық-Энерго» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Қоғамның 2016 жылғы электр энергетикасы және көмір саласындағы қызметі бекітілген жоспарларға сәйкес жүзеге асырылды.

Шоғырлану бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары туралы есепті әзірлеген кезде бірыңғай тәсілді қолдану мақсатында үлестік қатысу әдісі қолданылады. Соған қоса, қолданыстағы есептік саясатқа сәйкес негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді көрсету бастапқы баға бойынша, яғни қайта бағалауды есепке алмай жүргізіледі.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, шоғырландырылған баланста үлестік қатысу тәсілін қолданған кезде «Самұрық-Энерго» АҚ тарапынан иелік ету үлесі 50 % – ды құрайтын «ЕГРЭС-2 ст.» АҚ, «ForumMuiderB.V.» көмір активтері компаниясы сияқты ірі компаниялардың айналымдары жойылды. Бұған қоса, үлестік табысты 49,99 % иелік ету үлесі бойынша «Балқаш ЖЭС» АҚ қауымдасқан компаниясының қаржылық нәтижесі көрсетіледі.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның шоғырландырылған қаржылық нәтижесін қалыптастырған кезде аталған компаниялар бойынша табыс үлесі «үлестік қатысу тәсілі бойынша есепке алынатын ұйымдардың табыс/шығын үлесі» бабында көрсетіледі.

2016 жылға арналған бекітілген Даму жоспарына сәйкес, жекешелендіруге жататын активтер – «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «ШҚ АЭК» АҚ, «Шығысэнергострейд» ЖШС, «МЭБК» АҚ, «ТМ» ЖШС, «ММ» ЖШС негізгі қызмет бөлігінде ескерілді.

2016 жылы 23 қарашада Қоғамның Директорлар кеңесі Үкіметтің активтерді жекешелендіру туралы қаулысына сәйкес, бірқатар еншілес ұйымдарды жекешелендіру жөніндегі жоспарын мақұлдады. 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, барлық активтер мен «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «ШҚ АЭК» АҚ, «Шығысэнергострейд» ЖШС, «МЭБК» АҚ, «ТМ» ЖШС, «ММ» ЖШС істен шыққан топқа енгізілді.

Негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштер

Атауы Өлшем бірлігі 2015 2016 2017 2018
нақты нақты болжал болжал
Таза табыс млрд. теңге –77,83 17,76 10,39 19,32
Бағам айырмашылығын есепке алмағандағы таза табыс * млрд. теңге 29,01
EBITDA млн. теңге 76 496 71 581 74 171 97 603
EBITDA Margin % 42 % 39 % 36 % 39 %

* Шығындардың әсерін есепке алмағандағы бағам айырмасы бойынша қорытынды пайда.

Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесінде 2015 жылғы нақты шығын (–77,8) млрд. теңге болған жағдайда компания есептік кезеңде 17,8 млрд. теңге мөлшерінде пайда тапты.

2015 жылы теңгенің айырбас бағамының төмендеу себебінен 106,9 млрд. теңге сомасында бағам айырмасы бойынша шығыстар көрсетілді, соның ішінде: 85,8 млрд. теңге – Корпоративтік орталық (Қоғам) және «Мойнақ СЭС» АҚ валюталық заемдары бойынша және үлестік компаниялар «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС бойынша 21,1 млрд. теңге

Бағам айырмасы бойынша шығындардың әсерін есепке алмағанда, 2015 жылдың нәтижесімен салыстырғанда азаю экономикадағы дағдарыс құбылысына байланысты іске асыру көлемі мен тарифтердің төмендеуіне байланысты «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның операциялық табыстың төмендеуіне негізделді. Бекітілген Даму жоспарына сәйкес, 2017 жылғы табыс 10,39 млрд. теңге мөлшерінде, 2018 жылы 19,32 млрд. теңге деңгейінде жоспарланады.

Компанияның 2017–2021 жылдарға арналған Даму жоспарында мына активтерді – «Тегис Мунай» ЖШС, «Мангышлак Мунай» ЖШС, «ШҚ АЭК» АҚ, «Шығысэнерготрейд» АҚ, «МЭБК» АҚ, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ны сату қарастырылды, 2017 жылғы болжалда тоқтатылған қызметке жатқызылды, «АЖК» АҚ-ны, «АлЭС» АҚ-ны, «Алматыэнергосбыт» ЖШС-ны 2019 жылы сату қарастырылды.

2015 жылы 76,5 млрд. теңге болған жағдайда 2016 жылы EBITDA көрсеткіші 71,6 млрд. теңгені құрады. Сату көлемі мен тарифтердің азаюы «ГРЭС-1» ЖШС-ның 2016 жылғы операциялық табысына теріс әсер етті, бұл EBITDA көрсеткішіне ықпал етті. 2017 жылғы болжамды көрсеткіш 74,1 млрд. теңге деңгейіне дейін теңеледі, оның өсімі негізінде 2016 жылмен салыстырғанда «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның электр энергиясын сату көлемінің артуына байланысты. 2018 жылғы болжалда экспорт әлеуетінің есебінен «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның сату көлемін одан әрі ұлғайту жоспарланады.

EBITDA margin көрсеткішінде 2016 жылға қарай шамалы төмендеу (39 %) және жылдар бойынша одан әрі кезең-кезеңімен түзелу үрдісі бар.

 Бизнес сегменттері бойынша операциялық пайда

Операциялық және қаржылық көрсеткіштер

2016 жылғы «Самұрық-Энерго» АҚ э/э жалпы өндіру үлесі

2016 жылғы ҚР электр энергиясының жалпы өндірісінде «Самұрық-Энерго» АҚ-ның үлесі 24 %-ды құрады, 2015 жылмен салыстырғанда үлес 1 %-ға өсті.

Өндірістік НҚК (өндірушілер бөлігінде)

ЕТҰ атауы 2015 ж. 2016 ж. 2016 жылдан 2015 жылға аутқуы 2017 ж. (болжам) 2018 ж. (болжам)
Электр энергияны өндіру көлемі, млн.кВт•сағ
«АлЭС» АҚ 5 086 5 911 116 % 5 130 5 130
«Актобе ЖЭО» АҚ 666 906 136 % 900
«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС 10 729 9 037 84 % 11 138 14 700
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ 3 211 4 976 155 % 5 459 5 100
«ЖГРЭС» АҚ (активті сату сәтіне дейінгі факт – 2015 ж. 15 мамырға дейін) 1 176 0 %
«Шардара СЭС» АҚ 465 334 72 % 320 378
«Мойнақ СЭС» АҚ 903 1 166 129 % 906 906
«Samruk-Green Energy» ЖШС 3,2 3,2 101 % 3,3 3,2
«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС 79 152 192 % 172 172
Жиынтығы 22 318 22 485 101 % 24 029 26 389
Электр энергиясын тарату көлемдері, млн. кВт•сағ
«АЖК» АҚ 6 165 6 252 101 % 6 257 6 889
«ШҚ АЭК» АҚ 3 431 3 375 98 % 3 566
«МАЭҚ» АҚ 2 518 2 490 99 % 2 554
Жиынтығы 12 114 12 118 100 % 12 377 6 889
Электр энергиясын сату көлемдері, млн. кВт•сағ
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС 5 771 5 767 100 % 5 789 6 410
«Шыгысэнерготрейд» ЖШС 2 643 2 671 101 % 2 629
Жиынтығы 8 414 8 438 100 % 8 418 6 410
Жылу энергиясын өндіру көлемдері, мың Гкал
«Алматы электр станциялары» АҚ 5 031 4 971 99 % 5 333 5 333
«Актобе ТЭЦ» АҚ 1 795 1 763 98 % 1 815
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ 81 71 87 % 76 76
«ЖГРЭС» АҚ (активті сату сәтіне дейінгі факт – 2015 ж. 15 мамырға дейін) 5,3 0 %
Жиынтығы 6 913 6 805 98 % 7 223 5 409
Көмірді сату көлемдері, млн. тонна 33,9 35,1 103 % 33,9 36,1

2016 жылғы электр энергиясын өндіру көлемі 2015 жылға қарағанда 1 %-ға ұлғайды («ЖГРЭС» АҚ энергия өндіру көлемін ескере отырып). Энергия өндіру көлемінің ұлғаюы негізінде «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның 1 859 млн. кВт•сағ көлемінде электр энергиясын Ресейге экспорттауы нәтижесінде, сондай-ақ су ағынының өсуі есебінен «Мойнақ СЭС» АҚ мен «Қапшағай СЭС» АҚ-ның, «АлЭС» АҚ-ның 1 128 млн. кВт•сағ-қа өндіріс көлемін арттыру есебінен болды.

Өзге өндірістік көрсеткіштер

БҚПК (белгіленген қуатты пайдалану коэффициенті)

Белгіленген қуаты № 3 турбиналық генераторды іске қосу есебінен ұлғайған Ақтөбе ЖЭО-ны қоспағанда, 2016 жылы барлық энергия өндіруші станциялар бойынша белгіленген қуат 2015 жылғы деңгейде болды.

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС БҚПК-ның төмендеуі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың тұтыну экономикасындағы дағдарыстық құбылыстарға, 2016 жылы су ағынының ауытқымалы өсуімен байланысты неғұрлым тарифі төмен энергия көздерінен (СЭС) электр энергиясын сатып алуға байланысты.

Белгіленген қуат (МВт)

БҚПК-ның төмендеуіне қарамастан «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС энергия блоктарының оңтайлы режимде жұмыс істеуі, ЖҚҚ-ны неғұрлым жоғары деңгейде пайдалану есебінен ШОҮШ-ны 371 г/кВт•сағ-тан 370 г/кВт•сағ-қа дейін азайтуға қол жетті.

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ БҚПК-ның өсуі э/энергиясын экспортқа сатудың ұлғаюына байланысты. ШОҮШ БҚПК-ның өсуі есебінен 394 г/кВт•сағ-тан 393 г/кВт•сағ-қа дейін азайды.

«АлЭС» АҚ БҚПК-ның өсуі су ағынының ұлғаюына байланысты Қапшағай СЭС-і өндірісінің ұлғаюына байланысты. ШОҮШ-тың төмендеуі электр энергиясын босатуға арналған отынның үлестік шығыны неғұрлым төмен ЖЭС электр энергиясының өндірісінде ЖЭО-2 үлесін арттыруға байланысты.

«Ақтөбе ЖЭО» АҚ БҚПК-ның өсуі № 3 турбиналық генератордың іске қосылуына байланысты.

ШОҮШ-тың ұлғаюы № 3 турбиналық генератордың конденсаттық режимде жұмыс істеуіне байланысты.

2016 жылы жылу энергиясын өндіру көлемінің 2 %-ға (108 мың Гкал-ға) төмендеуі климаттық температурамен салыстырғанда сыртқы ауа температурасының неғұрлым жоғары болуына байланысты жылыту жүктемесінің азаюына байланысты.

Электр энергиясын босату көлемі – 12 117,6 млн. кВт•сағ құрады, ол 12 113,6 млн. теңге 2015 ж. көлемінің деңгейіне қарағанда болмашы өскен (4 млн. кВт•сағ-қа өсті).

Жылу энергиясын өндіру көлемінің өзгеру динамикасы, мың Гкал

Желілердегі шығындар «АЖК» АҚ мен «МЭБК» АҚ желілерді және ЭКЕАЖ-ды, тиісінше 0,8 %-ға және 0,2 %-ға жаңғырту жөніндегі шараларды жүргізу есебінен төмендейді. Алайда босату көлемінің 56 млн. кВт•сағ-қа төмендеуі есебінен «ШҚ АЭК» АҚ шығындар 0,7 %-ға арттырылды. Жалпы алғанда, барлық АЭК бойынша шығындардың деңгейі ҚР ТМРК белгілеген нормативтен төмен.

2016 жылғы қорытынды бойынша электр жеткізу желілерінің созылымы 69 203 км құрады, бұл ұқсас кезеңнен 0,4 %-ға немесе 240 км-ға жоғары.

Электр энергиясын тарату көлемі (млн.кВт•сағ) және желілердегі шығындар (в%)

Электр жеткізу желілерінің ұзындығы (км)

Желілер созылымының ұлғаюы негізінде «АЖК» АҚ есебінен болды, олар:

  • 2016 жылға арналған инвестициялық бағдарламаны іске асыру;
  • бар желілерді қайта құру;
  • басқа ұйымдардың электр желілерін «АЖК» АҚ балансына қабылдау;

Есептік кезеңдегі ЭЖҰ-да электр энергиясын сатудың жалпы көлемі 8 438 млн. кВт•сағ құрады, ол іс жүзінде 2015 ж. деңгейге тең (0,3 %-ға өсті).

Тұтынушылар санының артуына қарамастан, тұтыну көлемі төмендегі себептер бойынша елеулі өзгеріссіз қалды:

      «Алматыэнергосбыт» ЖШС – 2015 жылғы нақты көрсеткіштермен салыстырғанда өнеркәсіп санаты бойынша 2016 жылғы азаю 2,7 % немесе 21,97 млн. кВт•сағ құрады, ол өнеркәсіп және өзге қызмет салаларында өндірістің өсу қарқынының баяулауы; орташа айлық температураның жоғарылауы және тұтынушылардың басқа энергиямен жабдықтаушы ұйымның қызметіне өтуы есебінен болды. Аталған төмендеу «халық» санаты бойынша өсімімен өтеледі, 2015 ж. қарағанда 2016 ж. нақты өсім 1,4 % немесе 26,9 млн. кВт•сағ құрады.

      «Шығысэнерготрейд» ЖШС – тұтыну көлемінің төмендеуі негізінде бюджеттік және құрылыс саласындағы заңды тұлғаларға қатысты.

Атауы 2015 жыл 2016 жыл Ауытқу %
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС
Тұтынушылар саны, о.і.: 765 373 781 734 16 361 2 %
      Халық 737 813 752 711 14 898 2 %
      Заңды
тұлғалар
27 560 29 023 1 463 5 %
Сату көлемі, млн. кВт•сағ 5 771 5 767 –4 0 %
«ШығысЭнергоТрейд» ЖШС
Тұтынушылар саны, о.і.: 496 147 498 271 2 124 0 %
      Халық 475 633 477 677 2 044 0 %
      Заңды
тұлғалар
20 514 20 594 80 0 %
Сату көлемі, млн. кВт•сағ 2 643 2 671 28 1 %

«Богатырь Көмір» ЖШС көмірінін сату (мың тонна)

Көмір сату көлемінің 3 %-ға (немесе 1,2 млн. тоннаға) өсуі Ресей тұтынушыларының, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС мен «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ сұранысының артуына негізделген.

2016 жылғы аршу коэффициенті 0,696 м³/тонна, бұл ретте осыған ұқсас кезеңде – 0,700 м³/тонна.

Алдағы кезеңге болжал:

2017–2018 жылдарға болжанған электр энергиясын өндіру көлемінің 2016 жылдың фактісіне қатысты кезең-кезеңмен өсуі арқылы болжанады. 2017 жылғы электр энергиясын өндіру көлемінің 1 544 млн. кВт•сағ-қа өсуі негізінде «Екібастұз ГРЭС-1» АҚ мен «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС станцияларының экспорттық әлеуеті есебінен жоспарланады.

2018 жылғы болжалда электр энергиясын өндіру көлемі 2017 жылғы жоспарға қарағанда 10 %-ға немесе 2 360 млн. кВт•сағ-қа арттырылады.

2017 жылғы жоспарда жылу энергиясын өндіру көлемі негізінде «Алматы электр станциялары» АҚ-ның жылу энергиясын өндіру көлемін арттыру және «Ақтөбе ЖЭО» АҚ активін сатумен байланысты 2017 жылғы жоспарға қарағанда 25 %-ға азаю есебінен 2016 жылдың деректеріне қарағанда 6 %-ға өсіру жоспарланады.

2017 жылы электр энергиясын босату және тарату көлемі бойынша «МЭБК» АҚ мен «ШҚ АЭК» АҚ тұтынушылар өтінімдерінің артуы есебінен өсу және 2018 жылы аталған активтерді сатумен байланысты азаю болжанады.

2017 жылғы болжамда электр энергиясын сату көлемі 2016 жылғы факті деңгейінде болжанады. 2018 жылғы болжамда электр энергиясын сату көлемі «Шығысэнерготрейд» ЖШС активін сатумен байланысты 2 009 млн. кВт•сағ-қа немесе 24 %-ға азаюы болжалады.

20178 жылғы болжамда көмірді сату көлемі 2016 жылға қарағанда 1,2 млн. тоннаға төмендейді немесе 3 %-ға төмен.

2018 жылғы болжамда көмірді сату көлемі 2017 жылға қарағанда 6 %-ға немесе 2,2 млн. тоннаға өседі. 2017–2018 жылдарға арналған көмірді өндіру және іске асыру көлемі ҚР мен РФ электр энергиясын өндірудің болжалды көлемін ескере отырып қарастырылды.

Шығындарды қысқарту туралы

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниясының құнын арттыру әлеуетін анықтау жөніндегі шараларды іске асыру аясында «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп шығындарды оңтайландыру бойынша 10 бастама әзірленді. 2017–2021 жж. арналған бекітілген Даму жоспарында 102,8 млрд. теңге сомасына төмендегі бастамалардың орындалуы қарастырылды, соның ішінде:

  • 19,1 млрд. теңге сомасына технологиялық мұқтаждарға арналған отынның, судың үлестік шығындарын қысқарту;
  • 4,2 млрд. теңге сомасына ОЭР-энергиясын үнемдеуге арналған шығындарды оңтайландыру;
  • 2,5 млрд. теңге сомасына ағымдағы жөндеулерге арналған шығындарды оңтайландыру;
  • 1,2 млрд. теңге сомасына әкімшілік шығындарды оңтайландыру;
  • 49,2 млрд. теңге сомасына өндірістік активтерді жұмыс күйінде қолдауға арналған күрделі шығындарын оңтайландыру;
  • «Шоғырландырылған жоспарлау жүйесі» жобасын іске асыру кезінде 10,1 млрд. теңге сомасына ағымдағы шығындарды оңтайландыру;
  • «Жобаларды басқарудың бірыңғай жүйесі» жобасын іске асыру кезінде 8,4 млрд. теңге сомасына ағымдағы шығындарды оңтайландыру;
  • «Техникалық қызмет көрсету мен жөндеулерді басқарудың жаңа моделін ендіру» жобасы нәтижесінде 8,1 млрд. теңге сомасына ағымдағы шығындарды оңтайландыру.

Қаржы-экономикалық көрсеткіштер

№ р/с Көрсеткіш, млн. теңге 20151 2016 2017 (болжал) 2018 (болжал)
1 Өнімді сатудан және қызмет көрсетуден алған табыс 183 822 181 310 204 388 249 871
1.1. Электр энергиясын өндіруден 127 828 124 085 133 367 164 936
1.2. Энергия жабдықатаушы ұйымдардың электр энергиясын сатудан 88 215 90 284 94 392 106 363
1.3. Жылу энергиясын өндіруден 13 659 13 991 17 161 18 833
1.4. Электр энергиясын жіберу және таратудан 32 095 33 448 36 477 41 609
1.5. Химиялық тазартылған суды сатудан 1 671 1 662 1 671 1 693
1.6. Құрылыс-монтаждау және жөндеу жұмыстарынан 0 0 0 0
1.7. Жалға беруден 2 565 3 504 3 536 3 535
1.8. Басқалардан 950 778 763 931
2 Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны 128 695 136 127 157 070 180 252
2.1. Электр энергиясын өндірудің өзіндік құны 83 000 91 658 99 437 111 506
2.2. Энергия жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясын сатудың өзіндік құны 88 066 88 644 93 304 105 285
2.3. Жылу энергиясын өндірудің өзіндік құны 13 430 13 699 16 674 17 973
2.4. Электр энергиясын жіберудің өзіндік құны 25 375 26 506 28 812 31 650
2.5. Химиялық тазартылған суды сатудың өзіндік құны 1 645 1 614 1 666 1 703
2.6. Құрылыс-монтаждау және жөндеу жұмыстарының өзіндік құны 0 0 0 0
2.7. Негізгі қызметтің өзге түрлерінің өзіндік құны 111 215 10 11
Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің амортизациясы 35 290 41 053 43 144 45 089
3 Жалпы табыс 55 127 45 184 47 318 69 619
4 Қаржыландырудан алған табыстар3 2 876 3 396 0 1
5 Өзге табыстар2 3 703 6 061 459 460
6 Өнімді сатуға және қызмет көрсетуге арналған шығыстар 2 919 3 017 4 550 5 984
7 Жалпы және әкімшілік шығыстар 12 199 12 826 12 824 12 216
8 Қаржыландыруға арналған шығыстар4 22 164 19 218 25 791 25 699
10 Игерілмеген қызметтен болған өзге шығыстар2 93 088 2 056 176 415
11 Үлестік қатысу тәсілі бойынша ескерілетін ұйымдардың табыс/шығыс үлесі –10 173 4 895 3 610 3 356
12 Тоқтатылған қызметтен алған табыс (шығыс) 5 975 2 494 7 337 0
13 Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар 4 583 6 521 4 750 9 569
14 Азшылықтың үлесі 390 632 240 232
15 Топтың акционерлеріне тиесілі қорытынды табыс –77 835 17 759 10 393 19 321

1  Салыстырмалы ақпарат нәтижелерді тоқтатылған қызметке бүтіндей өзгерту үшін қайта саналды

2  2015 ж. аудиторлық есепте өзге табыстардан «құнсызданудан болған шығында қалпына келтіруден» болған табыс бөлек белгіленді және өзге шығындардан «құнсызданудан болған шығындар» деген бөлек жолға құнсызданудан болған шығын бөлек белгіленді (НЕТТО)

3  Аудиторлық есепте 2016 ж. бағам айырмашылығының сальдосы «қаржылық табыстар» таруында көрсетілген

4  2015 ж. аудиторлық есепте бағам айырмашылығынан болған шығын «қаржылық шығыстар» бабында көрсетілді

Ескертпе: Қызмет түрлері бойынша табыстар мен өзіндік құнды алып тастауды есептемей берілді

2016 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша өнімді сату мен қызмет көрсетуден алған табыс 181 310 млн. теңгені құрады. Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1,2 %-ға төмендеу негізінде электр энергиясын алған табыстың төмендеуіне байланысты.

Табыстардың қомақты үлесі энергия өндіруші компаниялардың электр энергиясын сатудан алған табыстары есебінен қалыптастырылды, олардың 2016 жылғы өндіру көлемі 22,5 млрд. кВт•сағ-тан аса көлемді құрады.

Сондай-ақ, табыс бойынша қомақты үлесті 2016 жылғы өндіру көлемі 8,4 млрд. кВт•сағ-тан аса құраған энергия өндіруші компаниялардың электр энергиясын сатудан және 12,1 млрд. кВт•сағ мөлшерінде электр энергиясын босату мен тарату қызметін көрсетуден алынған табыстар құрайды.

Шоғырландырылған түсім, млн. теңге

Қызметтің негізгі түрлері бойынша 2016 жылғы табыстың құрылымы

Қызметтің негізгі түрлері бойынша 2016 жылғы табыстың құрылымы

Келешек кезеңге болжал: 2017 жылғы болжалда сатудан алынған табыс электр энергиясын өндіру, босату және жылу энергиясын өндіру көлемінің өсуіне байланысты 206 жылға қарағанда 13 %-ға ұлғайып, 204 388 млн. теңге мөлшерінде жоспарланды.

Өндірушілер бойынша бөлгендегі өнімді сату мен қызмет көрсетуден түскен табыс

Көрсеткіш, млн. теңге 2015 нақты 2016 нақты 2017 (болжам) 2018 (болжам)
Өнімді сатудан және қызмет көрсетуден түскен табыс 183 822 181 310 204 388 249 871
«Самұрық-Энерго» АҚ 16 040 8 417 29 937 34 859
«Green Energy» ЖШС 109 113 116 121
«Бұқтырма СЭС» АҚ 2 564 3 503 3 536 3 535
«Шардара СЭС» АҚ 2 085 3 157 2 988 3 528
АО «Мойнакская ГЭС» 8 023 9 919 8 669 8 678
«Алматыэнергосбыт» ЖШС 88 215 90 284 94 392 106 363
«АЖК» АҚ 32 662 33 848 36 709 41 965
«АлЭС» АҚ 53 175 60 761 56 552 58 233
«ЕГРЭС-1» ЖШС 78 249 62 729 79 905 110 687
«БЖЭС» ЖШС 1 741 3 435 4 500 4 790
«Карагандагипрошахт и К» ЖШС 160 0 0 0
Energy Solution center 334 0 0
Ішкі топтық айналымдар (элиминацияланған) –99 201 –95 190 –112 915 –122 889

Қоғамның негізгі қызметінен түскен табыстың негізгі үлесі «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «АлЭС» АҚ, «АЖК» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ға тиесілі. Сонымен қатар, табысты шоғырландырған кезде жалпы сомадан негізінде энергия өткізуші компаниялар бойынша топішілік айналымдар алынып тасталады.

Өнімнің өзіндік құны және қызмет көрсету

Көрсеткіш, млн. теңге 2015 нақты 2016 нақты 2017 жоспар 2018 жоспар
Отын 32 906 31 524 38 244 42 838
Негізгі құралдардың тозуы және материалдық активтердің амортизациясы 35 290 41 053 43 144 45 089
Еңбекақы төлеу және оған қатысты шығындар 20 377 22 334 20 110 21 234
Сатып алынған электр энергиясының құны 5 349 4 822 10 164 17 094
Электр энергиясын жеткізу бойынша қызмет және басқа қызметтер 9 158 10 051 9 247 12 178
Жөндеу және күтіп ұстау 4 835 3 951 6 776 8 922
Табыс салығынан басқа салықтар 5 770 5 955 9 515 11 039
Технологиялық мұқтаждық үшін су 3 933 3 835 4 438 4 898
Материалдар 4 414 4 843 1 015 1 278
Сыртқы ұйымдардың қызметі 3 970 4 896 10 806 11 525
Өзге 2 693 2 863 3 612 4 156
БАРЛЫҒЫ 128 695 136 127 157 070 180 252

2016 жылдың қорытындысы бойынша өзіндік құн 136 127 млн. теңгені құрады, бұл 2015 жылдың көрсеткішінен 6 %-ға жоғары. Алайда 2016 жыл үшін бақыланатын шығыстарды есепке алмағанда (амортизация мен салықтар) өзіндік құн 86 944 млн. теңгені құрады, алдыңғы жылға қарағанда 1 172 млн. теңгеге немесе 1 %-ға болмашы өскен.

Негізгі өзгерістер мынадай шығын түрлері бойынша болды:

Отын, ЖЖМ, энергия:

Отынға жұмсалған шығынның азаюы сұраныстың төмендеуіне орай «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС өндіру көлемінің (–2 035) млн. теңгеге (немесе 2016 жылғы фактімен салыстырғанда 16 %-ға) кемуіне байланысты. Сонымен қатар бұл азаю «АлЭС» АҚ энергия өндіру көлемінің Қапшағай СЭС есебінен өскенін есепке алғанда, АЭС пен АлЭС арасындағы ТА-ның артуына байланысты (–2 073 млн. теңге). Оның үстіне ЖЭК-тен алынатын электр энергиясын сатып алу бойынша шығыстар (+919) млн. теңге) өсуде. Газға, көмір мен тасымалдауға бағаның өсуі «АлЭС»  АҚ отынға жұмсаған шығынының (+1 015) млн. теңгеге өсуіне алып келді.

Жөндеу жұмыстары:

Жөндеу жұмыстарына қатысты нақты мұқтаждықты зерттеуге, соған сәйкес, жөндеу жұмыстарын өткізу кестесін оңға қарай жылжыта отырып өзгертуге байланысты жөндеу жұмыстарының азаюы («Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «АлЭС» АҚ).

Жеткізуге және сатуға байланысты көрсетілетін қызметтер:«КЕGОК» АҚ көрсететін қызметтер бойынша шығындардың көбеюі тарифтердің жыл сайын өсуіне (тарифтің өсуін 7 %-ға жеткізу бойынша қызмет, тарифтің өсуін 27 %-ға диспетчерлеу бойынша қызмет), сондай-ақ 2016 жылы су қоймасында судың көп болуынан «АлЭС» АҚ Қапшағай ГЭС энергия өндіру көлемінің ұлғаюына байланысты (қалған ЖЭО-ларда өндірген кезде «КЕGОК» АҚ қызметі түпкілікті тұтынушыға қосылмайды).

 Негізгі қызмет түрлері бойынша өзіндік құнның құрылымы

Өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығындар:

Ұлғаю ЕТҰ ұжымдық шартына сәйкес жыл сайынғы индекстеуге байланысты.

Өндірістік сипаттағы басқа жұмыстар, қызметтер және жалға алу:

«БЖЭС» ЖШС-ның 2016 жылы «Ерейментау 1 ЖЭС» ҚС-220/35 кВ қосалқы станциясына техникалық қызмет көрсету шартын жасауына байланысты «Өндірістік жабдықтарға техникалық қызмет көрсету қызметі» бабы бойынша өсім.

Өзге:

Регенератордың сүзгілеріндегі материалдарды ауыстыруға байланысты «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС бойынша шикізат пен материалдарға (хим. реагенттер мен дабыл) жұмсалатын шығынның ұлғаюы. Сонымен қатар 2015 жылмен салыстырғанда сатып алатын қызметтер мен материалдар қымбаттады.

Алдағы кезеңге жасалған болжам:

2017 жылға жасалған болжам бойынша сатылған өнім мен көрсетілген қызметтің өзіндік құны 20 943 млн. теңгеге (15 %) артады. Негізгі өсім отынға жұмсалатын шығынның өсуіне, электр энергиясын өндіру көлемінің өсуіне, сатып алатын отынға бағаның жыл сайын өсуіне, активтерді жаңғыртуға байланысты амортизацияға және ЖЭК-тен сатып алынатын электр энергиясына байланысты. Сонымен қатар өсім құнсыздану коэффициентін және сыртқы ұйымдар көрсететін қызметтерге бағаның артуын ескере отырып, персоналдың жалақысының жыл сайын өсуіне байланысты. 2018 жылға арналған болжамда өзіндік құн бойынша шығыстар сонымен бірге жоғарыда аталған себептерге байланысты артады.

Сатуға жұмсалған шығыстар

Көрсеткіш, млн. теңге 2015 2016 2017 (болжам) 2018 (болжам)
Сату процесіне байланысты персоналдың еңбегіне ақы төлеу мен оған берілетін әлеуметтік төлемдерге жұмсалатын шығыстар 12 13 13 14
Табыс салығынан басқа салықтар 1 1 2 2
Сатуға байланысты басқа жұмыстар мен қызметтер 2 906 3 003 4 536 5 969
Сату бойынша өзге шығыстар 0,03 0,04 0,05 0,05
БАРЛЫҒЫ 2 919 3 017 4 550 5 984

2016 жылдың қорытындысы бойынша сатуға жұмсалған шығыстар Қырғызстанға «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС электр энергиясын экспорттауға байланысты 98 млн. теңгеге өсті.

2017 жылға арналған болжамда сатуға жұмсалған шығыстардың өсімі 2016 жылдың фактісімен салыстырғанда 51 %-ды құрайды, мұнда айтарлықтай едәуір өсімнің болуы электр энергиясын өндіру көлемінің ұлғаюына және Қырғызстанға электр энергиясын экспорттауға қатысты «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның электр энергиясын өндірістік тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру және диспетчерлеу жөніндегі қызметке жұмсалатын шығындартың артуына байланысты.

Әкімшілік шығыстар

Көрсеткіш, млн. теңге 2015 нақты 2016 нақты 2017 жоспар 2018 жоспар
Еңбекке ақы төлеу және оған байланысты шығыстар 4 300 4 712 5 004 5 291
Консультациялық және өзге кәсіби қызметтер 1 019 1 615 1 323 779
Табыс салығынан басқа салықтар 893 1 024 725 784
Жалға алу бойынша шығыстар 653 628 479 290
Негізгі құралдардың тозуы және МЕА амортизациясы 1 196 1 187 1 083 1 095
Іссапар және өкілдік шығыстары 245 221 248 262
Банктің қызметі 190 185 135 142
Байланысқа жұмсалған шығыстар 115 119 160 170
Өзге 3 588 3 134 3 666 3 402
Барлығы 12 199 12 826 12 824 12 216

2016 жылдың қорытындысы бойынша әкімшілік шығыстар 12 826 млн. теңгені құрады, яғни 2015 жылдың фактісінен 628 млн. теңгеге немесе 5 %-ға артық, бұл ЕТҰ ұжымдық шартына сәйкес, жыл сайынғы жалақыны индекстеумен, сонымен бірге трансформациялау жобасына қатысты 2016 жылғы консультациялық шығыстардың артуына байланысты.

Алдағы кезеңге болжам:

2017 жылдың болжамында әкімшілік шығыстар 2016 жылдың деңгейінде сақталып, 12 824 млн. теңгені құрайды.

2018 жылдың болжамында әкімшілік шығыстар сатуға арналған активтерді алып тастау арқылы азаяды.

Қаржылық шығыстар

Көрсеткіш, млн. теңге 2015 2016 2017 (болжам) 2018 (болжам)
Қарыздар бойынша сыйақыға жұмсалған шығыстар1 22 165 19 218 25 791 25 699

1 2015 ж. аудиторлық есепте қаржылық шығыстар бағам айырмашылығынан шеккен зиянмен бірге көрсетілді.

2016 жылдың қорытындысы бойынша қаржылық шығыстар 19 218 млн. теңгені құрады, бұл 2015 жылғы нақты мәннен төмен. Ол негізінен 31.12.15 ж. жағдай бойынша ұлттық валютаның 340,01 теңге/АҚШ долларынан 31.12.16 ж. жағдай бойынша 333,29 теңге/АҚШ долларына тұрақталуы есебінен КО мен «Мойнақ СЭС» АҚ бойынша төмендеді.

Алдағы кезеңге болжам:

2017 жылға дейінгі болжамда қаржыландыруға жұмсалатын шығыстар ұлттық валютадағы қарызға валюталық қарызды қайта қаржыландыруды ескере отырып, КО-ның облигациялық қарызы бойынша (АҚШ долларымен) пайыздық мөлшерлеменің ұлғаюын есепке ала отырып, өсуде.

Бірлескен және қауымдастырылған кәсіпорындардың пайдасындағы үлес

Көрсеткіш, млн. теңге 2015 нақты 2016 нақты 2017 жоспар 2018 жоспар
Бірлескен және қауымдастырылған кәсіпорындардың пайдасындағы үлес –10 173 4 895 3 610 3 356
Forum Muider 5 058 6 020 5 051 6 497
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ –12 768 788 –1 442 –3 141
«Балқаш ЖЭС» АҚ –2 463 –1 913 0 0

2016 ж. үлестік табыс осы кезеңге қатысты 15 068 млн. теңгеге көбейе отырып, 4 895 млн. теңгені құрады.

Үлестік пайданың арту динамикасы, млн. теңге

Негізгі өзгерістер мына активтер бойынша болды:

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ – өткен жылмен салыстырғанда табыстың 13 553 млн. теңгеге артуы мына факторларға байланысты:

– РФ-ға экспорттаумен байланысты электр энергиясын өндіру көлемінің ұлғаюы есебінен табыстың 7 480 млн. теңгеге өсуі және РФ-ға электр энергиясын экспорттаумен байланысты тарифтің төмен болуын есепке алғанда, орташа тарифтің 4 671 млн. теңгеге төмендеуі есебінен табыстың азаюы арқылы негізгі қызметтен түсетін табыстың 2 809 млн. теңгеге өсуі;

– 2015 жылы «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ № 3 энергия блогын салу арқылы кеңейту және қайта құру» жобасы бойынша кредиттік келісімге сәйкес, 18 883 млн. теңге мөлшерінде жағымсыз бағамдық айырмашылықты көрсетуі.

Forum Muider компаниясы – 961 млн. теңгеге ұлғаю негізінен 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда бағам айырмашылығынан залалдың, әділ құнға дейін бағалау үшін қаржыландыру мен амортизацияны азайтуға шығыстардың азаюының (шоғырландыру деңгейіндегі түзету) болмауына байланысты.

«Балқаш ЖЭС» АҚ –2016 ж. оң бағамдық айырмашылыққа байланысты «БЖЭС» АҚ залалының 551 млн. теңгеге азаюы.

2017–2018 жылдарға арналған жоспарда компанияның үлестік әдіс бойынша есептелетін табысының азаюы негізінен «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ бойынша қаржыландыруға жұмсалатын шығыстардың өсуіне байланысты.

Тоқтатылған қызметтен түскен пайда (залал)

Көрсеткіш, млн. теңге 2015 нақты 2016 нақты 2017 жоспар
Тоқтатылған қызметтен түскен пайда 5 975 2 494 7 337
«МЭБК» АҚ 978 1 533 862
«Ақтөбе ЖЭО» АҚ 348 397 391
«Шығыс-Қазақстан АЭК» АҚ 1 965 1 502 1 509
«Шығысэнерготрейд» ЖШС 169 –941 1 669
«Тегис-Мунай» ЖШС –201 –28 –28
«Мангышлак Мунай» ЖШС –22 –187 –157
ЖГРЭС-ті сатудан түскен пайда 2 469 0 0
Топішілік айналымдар (элиминацияланғандар) 267 218 3 091

2016 жылы жылдың қорытындысы бойынша тоқтатылған қызметтен түскен пайданың ішінде сатуға арналған активтер, оның ішінде «Тегис Мунай» ЖШС, «Мангышлак Мунай» ЖШС, «ШҚ АЭК» АҚ, «Шығысэнерготрейд» ЖШС, «МЭБК» АҚ, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ танылды. Салыстыру мақсатында 2015 жыл сатуға арналған активтер ретінде осы активтердің жіктелімін ескере отырып, ретроспективті түрде қайта есептелді. 2016 жылы пайданың азаюы 2015 жылы «ЖГРЭС» ЖШС-ны сатудан түскен 2 469 млн. теңге пайданы көрсетуге, сонымен қатар 2016 жылы тариф деңгейінің жеткіліксіздігіне байланысты «Шығысэнерготрейд» ЖШС бойынша пайданың 1 110 млн. теңгеге азаюына байланысты. 2017 жылы пайданың өсуі тарифті 12,151 теңге/кВт•сағ. дейін өсіруді жоспарлауға байланысты «Шығысэнерготрейд» ЖШС бойынша пайданың 2 610 млн. теңгеге өсуіне, сондай-ақ тоқтатылған пайдаға сатуға арналған активтердің амортизациясын қосуға қатысты болды.

«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Scroll Up