«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Бизнесті трансформациялау – өзгерістерге бағыт ұстау!

Алексей Огай

«Самұрық-Энерго» АҚ Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры

Қазіргі нарық құбылмалы, ол бизнес үшін жаңа мақсаттар туғызады. Компанияның міндеті – қызмет ету нарығында ұзақ мерзімді трендтерді дер кезінде пайдаланып қалу және Компанияның бәсекеге қабілеттілігі мен құнын арттыруға бағытталған шараларды қабылдау.

«Самұрық-Энерго» АҚ үшін есепті жыл ең үздік халықаралық басқару тәжірибесі негізінде жаңарған Компанияның контурларын анықтау жылы болды. Негізгі бағыттар:

  • Компанияның операциялық тиімділігін жақсарту, еңбек өнімділігін арттыру;
  • бейінді бизнеске, стратегиялық активтерге шоғырлану, бейінді емес активтерден құтылу;
  • Компанияның ұзақ мерзімді құнын арттыру, экономиканың дәстүрлі салалары үшін жаңа мүмкіндіктерді іске асыру;
  • орнықты даму және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның жаңа операциялық моделі еншілес ұйымдарды белсенді басқару және оларды операцияларға қатыстыру тетіктерін ендіруге бағытталған. Трансформациялау бағдарламасын іске асырудағы негізгі буын адамдар болып табылады.

Біз бизнес-процестерді барынша қысқартуға, стандарттауға және «түзетуге», қайталау мен төрешілдікті жоюға, барлық деңгейдегі менеджментті тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін сенімді әрі уақытылы ақпаратпен қамтамасыз етуге ұмтыламыз. Бизнес-процестердің тиімділігін арттыру құралдарының бірі оларды автоматтандыру болып табылады. Осы мақсатта кезең-кезеңмен Компанияның сандық энергетикалық платформасын құруға бағытталған жаңа АТ-стратегия тұжырымдалды.

Трансформациялау бағдарламасы айналымға енді, енді практикалық кезеңге көшуде. Трансформациялау бағдарламасының жобаларын іске асырудан алынатын пайда мен оның әсері таяу жылдардың өзінде-ақ Компанияның инвестициялық және операциялық қызметінің тиімділігіне айтарлықтай әсерін тигізеді. Әр қызметкердің кәсібилігі мен қатыстырылуы Компанияның тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған стратегиялық мақсаттарды орындауға мүмкіндік беретініне нық сенімдімін.

«Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау бағдарламасының 2016 жылғы негізгі нәтижелері

Акционердің «Самұрық-Энерго» АҚ-ның алдына қойған 2016 жылға арналған міндеттері Трансформациялау бағдарламасы аясында ойдағыдай орындалды.

НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕР

КОМПАНИЯЛАР ҮШІН ПАЙДА

Басқарудың мақсатты моделін әзірлеу

Есепті жылы «Самұрық-Энерго» АҚ стратегиялық холдингтен бірте-бірте операциялық холдингке көшуін білдіретін жаңа операциялық моделі бекітілді. Компанияның активтерін сату (жекешелендіру) бағдарламасы аяқталған соң, операциялық басқаруға активтерді иеленудің мақсатты үлесін ескере отырып, операциялық басқару үшін 3 активті – «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Мойнақ ЖЭО» АҚ және «Шардара ГЭС» АҚ анықтады.

Корпоративтік орталықтың мақсатты ұйымдық құрылымын өзектендіру

2016 жылы күзде Корпоративтік орталықтың жаңа ұйымдық құрылымы бекітілді. Жаңа ұйымдық құрылымда әзірленген мақсатты бизнес-үдерістерге сәйкес қызметтің барлық бағыттарының, атап айтқанда, коммерциялық функцияларды орталықтандыру, жобалық басқару функцияларын күшейту, өндіріс пен жөндеулерді басқару процесін өзгерту бағыттарының құзыреттері күшейтілді. Жаңа ұйымдық құрылымға көшу талаптарының бірі кадрларды іріктеу мен жайғастырудың меритократия қағидатына (Job matching) негізделген бірыңғай ұстанымын ендіру болып табылады.

Тиімділікті және НҚК-ні басқару жүйесін құру

2016 жылы Тиімділікті және НҚК-ні басқару процесі әзірленді. 1-деңгейдегі НҚК анықталып, құн ағашы әзірленді, ҚНК-ні каскадтау жүзеге асырылды. 2017 жылға арналған НҚК ағашы Компанияның бекітілген Бизнес-жоспарына сәйкес санға аударылды.

 Бизнес-процестер мен басқару жүйелерін реинженирингілеу және автоматтандыру

Есепті кезең ішінде Компанияда процестер картасының процестік моделі әзірленіп, ол АRIS жүйесінде жобаланып, 800 процесс келісілді. Процестерді әзірлеген кезде «Самұрық-Қазына» АҚ-ның корпоративтік процестер бойынша референстік модельдері негізге алынды.

«Жылдам жеңістерді» қамтамасыз ету

2016 жылы «Energy Solutions center» ЖШС құрылды, оған Компания тобының барлық аутсорсингтік функциялары, соның ішінде Мәліметтеді басқару кеңсесі және АТ техникалық қолдау тапсырылды.

«Жобалардан кейін тауар-материалдық құндылықтардың қалдықтарын босату». Түгендеу нәтижелері бойынша 7,456 млрд. теңгеге ТМҚ қалдықтары анықталды. 2015–2016 жылдары олар операциялық қызметке пайдаланылып, 4,9 млрд. теңгеге ТМҚ кәдеге жаратылды.

«Кәсіпорынның І кезектегі бірыңғай анықтамалықтарын жасау (материалдар, қызметтер, өнім берушілер, клиенттер)». Бастапқы 217 000 жазбаны өңдеу арқылы 87 000 бірегей жазбадан тұратын бірыңғай анықтамалық жасалды.

«Жоспарлаудың кіріктірілген жүйесі» арнайы жобасы бойынша алғашқы нәтижелер. Бұл орта мерзімге мақсаттарды қою мен Компанияның өндірістік, экономикалық, технологиялық және қаржылық көрсеткіштерін теңдестіру мен Компания дамуының ең оңтайлы сценариін іздеуге жоспарлау мен моделдеудің жүйесі болып табылады. «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС базасында прототип әзірленіп, бұны қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті деректер мен алгоритмдерді дайындау жұмыстар орындалды.

2016 жылға арналған Трансформациялау бағдарламасының орындалуының негізгі нәтижелері

12 корпоративтік референстік, 4 салалық бизнес-процессті және Жобалар портфелі Трансформациялау бағдарламасы «Жоспарлау» 2-ші кезеңінің негізгі нәтижесі болып табылады.

 

ДЕМЕУШІЛЕР

Жобалар портфелін ойдағыдай іске асыру және әр жобаға жауапкершілік бекіту үшін Компания басшыларының арасынан Демеуші белгіленді.

«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Scroll Up