«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Сатып алулар және қорларды басқару

Мұрат Әбдіғұлов

«Самұрық-Энерго» АҚ Қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор

Материалдық ресурстармен қамтамасыз ету құрылымдық бөлімшелердің өндірістік қажеттілікке сүйене отырып әзірлеген өтінімдері бойынша Қоғамның Даму жоспары негізінде жүзеге асырылады.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобындағы қалыптасқан сатып алу рәсімдері «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің 2016 ж. 28 қаңтардағы № 126 шешімімен бекітілген «Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидасына (бұдан әрі – Қордың Сатып алу қағидасы) сәйкес жүргізіледі.

Қордың Сатып алу қағидасына сәйкес, сатып алу рәсімдері http://tender.sk.kz веб-сайтында орналастырылған электронды сатып алудың ақпараттық жүйесінде өткізіледі. Өнім берушіні таңдау өткізілген тендер, баға ұсыныстары мен бір көзден сұрау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесіне мониторинг жүргізу Қордың уәкілетті органының http://www.kmks.kz веб-сайтындағы сатып алу мәселелеріне арналған «Сатып алудағы қазақстандық қамту мониторингі картасы» порталында жүзеге асырылады.

Өнім берушілер нарығы мен тауарлардың бағаларын зерттеу аясында Қоғам «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы үшін Бағалар каталогын әзірледі, ол мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді:

  1. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы сатып алатын тауарлардың объективті нарықтық құнын анықтау;
  2. Жоспарланатын шығыстарды оңтайландыру;
  3. «Самұрық-Қазына» АҚ форматына сәйкес, ТЖҚ БНА кодтарын сәйкестендіру және стандарттау;
  4. Өнім берушілердің деректер базасы құрылды;
  5. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның барлық тобы үшін импортталатын тауарлардың тізбесі жасалды (валюта бағамы ауытқыған кезде бағаларды түзету мерзімдерін азайту үшін).

Аталған жоба сатып алынатын тауарларға құндық диапазондар бойынша тәуелсіз баға берді. Сатып алынатын тауарларды құрылымдап топтау ұқсас тауарлар мен оларды өзара алмастыру құнын талдауға мүмкіндік берді. Аумақтық біріктіру тауарлар партиясының құнын азайтуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде жоба сатып алынатын тауарларға құнды азайту немесе нарықтық конъюнктура ұсыну түрінде экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Өндірушілердің ішкі нарығын дамыту мақсатында Қоғам өнім берушілердің міндетіне жергілікті қамту бойынша есептілікті тапсыруды міндеттеуді жалғастырып келеді, сол арқылы жергілікті қамту үлесіне монитринг жүргізеді және отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетеді.

2014-2016 жж. сатып алудағы жергілікті қамту үлесі бойынша ақпарат, млн. теңге

2014 фактісі 2015 фактісі 2016 фактісі
Нақты орындалған ТЖҚ жалпы сомасы ЖҚ сомасы % ЖҚ Нақты орындалған ТЖҚ жалпы сомасы ЖҚ сомасы % ЖҚ Нақты орындалған ТЖҚ жалпы сомасы ЖҚ сомасы % ЖҚ
Тауарлар 157 966,73 125 853,12 80 % 134 371,84 112 279,78 84 % 118 986,63 109 439,26 92 %
Жұмыстар 99 769,40 49 652,59 50 % 99 091,02 37 149,45 37 % 90 117,93 37 815,31 42 %
Қызметтер 99 018,10 97 399,44 98 % 92 663,07 91 230,50 98 % 92 910,12 90 793,51 98 %
барлығы 356 754,23 272 905,15 76 % 326 125,92 240 659,73 74 % 302 014,67 238 048,07 79 %

Ескертпе: «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС деректері

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы мынадай өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттарды жасасты «Семей май зауыты» ЖШС, «Павлодар құбыр арматура зауыты» ЖШС, «Тыныс» АҚ, «High Industrial Lubricants & Liquids Corporation» (HILL) ЖШС, «ҚАЗЭЛЕКТРОМАШ» ЖШС, «Kazcentrelectroprovod» ЖШС (Қазорталықэлектрқұбыры), «Жарық» электр механикалық зауыты» ЖШС, «АТИ-ҚАЗАҚСТАН» ЖШС, «KagazShahary SEZ» ЖШС, DOC Co.LTD, «Қазэнергокабель» АҚ, «НУР-СТРОЙ ЛТД» ЖШС, «ЭКОпром Павлодар» ЖШС, «ZhersuMetal» АҚ, «ЭнергоПромСтройсервис» ЖШС, «ЭнергоПромСтройсервис» ЖШС, «Семей аяқ киім фабрикасы» ЖШС, «Кентау трансформатор зауыты» ЖШС, «Азия Пром Инвест» ЖШС, «Графика-М» ЖШС, «СЕМЕЙ МЕТИЗ ЗАУЫТЫ» ЖШС, сонымен қатар «Қазақ саңылаулар қоғамының Атырау оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі.

Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2014 ж. 2015 ж. 2016 ж.
Ұзақ мерзімді сатып алулар көлемі Млрд. теңге 99 465 73
оның ішінде тауар бағыты 40 231,345 2,176
оның ішінде ОТӨ-ден сатып алу 11 231,321 2,154
Жылдық сатып алу жоспары 277 213 178
оның ішінде тауар бағыты 152 121 93
оның ішінде ОТӨ-ден сатып алу 134 102 71

Қоғам қызметінің ерекшелігіне сәйкес, сатып алудың едәуір көлемін холдингішілік сатып алулар құрайды, олар мына бағыттар бойынша: электр энергиясы, көмір, жағар-жанар май материалдары, электр энергиясын жеткізу, тарату және теңгерімдеу бойынша қызмет (2014 жылы – сатып алудың жалпы көлемінің 45 %-ы, сәйкесінше 2015 жылы – 46 % және 2016 жылы – 37 %).

Тауарларды сатып алу DDP жағдайында жүзеге асырылады, яғни өнім беруші сатып алушының еліндегі көрсетілген орынға жеткізу жауапкершілігін алады. Барлық тәуекелдер, импорттау кезінде төленетін баж бен басқа төлемдерді қоса алғанда, жүкті жеткізу бойынша шығындарға (салықтар, баж және т.б.), оның ішінде кедендік тазалауға да өнім беруші жауапты болады.

Қоғамның сатып алу қызметін оңтайландыру мақсатында «Категориялық сатып алуды басқару» жобасы іске асырылады.

«Категориялық сатып алуды басқару» жобасының мәні сатып алатын техникалық және өзге қасиеттері бойынша ұқсас материалдарды бір санатқа біріктіруден тұрады. Санаттарды басқару қосымша құндылықтарды іздеуден, экономикалық тиімділікті арттырудан, иелік етудің жиынтық құнын бағалаудан, жеткізілімнің барлық тізбегі бойынша шығындарды азайтудан тұрады. Енгізілетін өзгерістер сатып алу бағаларын азайтуға, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сапасын арттыруға, жергілікті өгдірушілерді дамытуға, қоймалардағы қалдықтар мен көлік шығыстарын азайтуға ықпал етеді.

2016 жылдың қорытындылары бойынша сатып алатын санаттық топ құрылды, ол аталған құралды сыртқы консалтингті тарта отырып, «ЖЖМ» пилоттық санаты мысалында пайдаланды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша сатып алатын санаттық топ «ЖЖМ» стратегиясын әзірледі.

Бұдан бөлек, 2017 жылы Компанияның Санаттар тізбесінде бекітілген екінші және үшінші толқындағы сатып алатын санаттық стратегияларды әзірлеу жоспарлануда.

Санаттар тізбесі түсімді қалыптастыратын түпкілікті өнімді өндіру үшін шығындар көлемін және тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің маңыздылығын талдау негізінде қалыптастырылады.

Жалпы алғанда, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында сатып алу қызметін оңтайландыру, жергілікті өндірушілерді дамыту және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық қажетті іс-шаралар жүргізіледі.

«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Scroll Up