«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Корпоративтік басқару

«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының 100 % акциясы (5,601,687 дана) «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі.

«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының жалғыз акционері – Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады

Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған коммерциялық құрылым – инвестициялық холдинг болып табылады, оның миссиясы портфельдік компаниялардың ұзақ мерзімді құнын ұлғайту және орнықты даму үшін оларды тиімді басқару арқылы, сондай-ақ ұлттық экономиканың басым секторларын дамытуға каталитикалық инвестицияларды жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын көтеру және ұлттық экономиканы жаңғыртуға қолдау көрсету болып табылады.

Қор акционердің функцияларын іске асыру, сондай-ақ Директорлар кеңесі арқылы Жарғы мен Корпоративтік басқару кодексінде белгіленген тәртіпте Компанияны басқаруға қатысады. Қордың жекелеген мәселелер бойынша ұстанымы Компанияның Директорлар кеңесіндегі Қор өкілдері арқылы жеткізіледі. Жалғыз акционер жыл сайын Директорлар кеңесінің төрағасына акционердің алдағы қаржылық жылға арналған болжамдарын жолдайды.

«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Scroll Up