«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Адамдар – Қоғамның негізгі активі

Жаһандандыру және тұрақсыз сыртқы ортаның жағдайларында адам ресурстары ұйымның даму тиімділігіне және мақсаттарға қол жеткізуге әсер ететін маңызды факторлардың бірі болды.

2015 жылы алған бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша алған «Парыз» президенттік сыйлығының Гран-при жоғары наградасы «Самұрық­Энерго» АҚ-ның орнықты даму саласындағы жетістіктерінің дәлелі болды. 2016 жылы конкурс иегерінің эстафетасын еншілес компания жалғастырды: «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында «Үздік ұжымдық шарт» ноимнациясының күміс жүлдегері болды.

«Самұрық-Энерго» АҚ ең тартымды жұмыс беруші бола отырып, қолайлы еңбек шарттарын құру бойынша шаралар қабылдайды, өз қызметкерлеріне лайықты еңбекақы, даму мен мансап мүмкіндіктерін ұсынады. Осы мақсаттар үшін Компания тұрақты негізде оқыту шараларын ұйымдастырады, талантты басқару және ынталандыру бағдарламаларын іске асырады, қосымша сыйақы беру мөлшерін және ынталандыруды анықтау үшін тиімді басқарудың ашық жүйесін қолданады.

«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Scroll Up