«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Адам құқықтары

Бекбас Оразбек Телібайұлы

​«Самұрық-Энерго» АҚ Омбудсмені

Біздің бірінші кезекті міндетіміз Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес құқықтық кеңістікте қызметті жүзеге асыру болып табылатыны сөзсіз.

Іскерлік этика қағидаттарын және Қоғамда туындайтын әлеуметтік-еңбек дауларын оңтайлы реттеу мақсатында 2015 жылғы 15 қазанда Қоғамның Директорлар кеңесі (№ 06/15 хаттама) Қоғамның Омбудсмені етіп мені сайлады және тағайындады.

Омбудсмен лауазымының көптеген салаға қатысы бар. Біріншіден, мен мемлекеттік басқару органдарында көп жылдар бойы қызмет еткен, өмірлік мол тәжірибесі бар кәсіби «көмекші» ретінде кез келген адамның өтінішін қарауға және оған жауап беруге, өтініш берушінің құқықтарын бұзған себептерді қарауға дайынмын. Барлық өтініштер объективті, әділ әрі құпиялылықты сақтай отырып, заңнамада белгіленген тәртіпте қаралатынына кепілдік беремін.

Жаңадан сайланған Омбудсмен қызметінің басталғаны туралы барлығына тегіс хабарлау үшін мен ішкі корпоративтік желіні (Microsoft Outlook, Intranet portal) пайдалану арқылы Қоғамның барлық қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларына кері байланысты көрсете отырып, Омбудсмен қызметі туралы толық ақпарат жолдадым. Қоғамның компаниялар тобының қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларына қолайлы болу үшін шағым беру механизмі және Омбудсмен туралы мәліметтер Қоғамның http://www.samruk-energy.kz/ru/korporativnoe-upravlenie/ombudsman корпоративтік веб-сайтында орналастырылған.

Іс-әрекеттің дұрыстығына күмән туындамауы үшін мен Қоғамның барлық қызметкерлеріне мемлекеттік және орыс тілінде күнделікті оқу құралы түріндегі «Іскерлік этика мәселелері бойынша күмән туындаған кезде қалай әрекет ету қажет?» тақырыбында Кодекске қосымша ескертпелерді тараттым.

Қызметімнің нәтижесі қызметкерлердің маған ауызша айтқан өтініштері бойынша жеткілікті жауап алуы болып табылады. Барлық өтініштер, оларға берілген жауаптар жалпы Қоғамның әлеуметтік тұрақтылығына теріс әсерін тигізбейді. Есепке алуды жүргізу үшін кіріс өтініштер мен оларға берілген жауаптарды тіркеу журналдары қолданылады. Келушілердің құпиялылығын қамтамасыз ететін бөлек орналасқан кабинет бар. Омбудсменге нәсілдік, діни, ұлттық, жыныстық, жас, саяси және өзге белгілер бойынша кемсітушілікке қатысты өтініш берген жағдайлар болған емес. Қоғам құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігі қағидатын мойындайды. Сондай-ақ, қызметкерлердің қолданыстағы заңнама аясында қауымдастықтарға бірігу және ұжымдық келіссөздерді жүргізу бостандығы құқығы бар.

Омбудсмен ретінде Қоғамның әр түрлі комиссияларына, соның ішінде аттестациялық, тәртіптік және конкурстық комиссиялардың құрамына қатыстым. Комиссия жұмысының барысында 2016 жылдың қорытындылары бойынша Қоғамның лауазымды тұлғалары, сондай-ақ қызметкерлері тарапынан ҚР заңнама нормаларының ережелері мен Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарын бұзу, сақтамау фактілері байқалған жоқ.

2016 жылы Қоғам бойынша 78 өтініш тіркелді, олардың 75-і есептік кезең ішінде, 3 өтініш қарастыру кезеңінде реттелді.

Жоғарыда көрсетілген жұмыс нәтижелері Қоғамда Омбудсменнің құқық қорғау институтының маңызды қоғамдық рөлін дәлелдейді. Қоғамның компаниялар тобының адам құқықтарын қорғауға бағытталған жан-жақты күшейтілген жұмысын көрсетеді. Бұл, сөзсіз, Қоғамда, сондай-ақ одан тыс. жерлерде де Қоғамның компаниялар тобы қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын сақтау кепілі ретінде Қоғамның әлеуметтік саясатын іске асыру құрамдасы ретінде қабылданады.

Мен үшін Омбудсмен лауазымы, біріншіден, үлкен жауапкершілік. Өзіме көрсетілген сенімді ақтау керек екенін түсінемін. Көмекке, қолдауға және ақыл-кеңеске мұқтаж болғандардың әрбіреуіне көмек көрсетуді өзімнің парызым және негізгі міндетім деп санаймын. Егер де менің жұмысымның нәтижесі Қоғамдағы іскери ахуалды қолдауға және жақсартуға септігін тигізсе, бұл менің еңбегімнің басты бағасы болып табылмақ.

Сіздерден өздеріңізге қолайлы кез келген нысанда толтырылған өтініштеріңізді күтемін, әңгімелесуге және оңтайлы шешімдерді іздеуге әрдайым дайынмын.

Әрбір адам ерекше, ол жынысына, нәсіліне, ұлтына, әлеуметтік пен лауазымдық жағдайына, дінге және саяси пікріне қатысты қарым-қатынасына тәуелсіз өз құндылығын әкеледі.

Қазақстан Республикасының Конституциясында өмірге, бостандыққа, қадір-қасиетке қол сұқпаушылыққа, сөз және ар-ождан бостандығына, бірлестіктер бостандығына және т.б. адам құқығы бекітілді.

2016 жыл бойында Қоғамның компаниялар тобы зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары орын алған жерлерде 18 жасқа толмаған тұлғалардың еңбегін пайдалануға тыйым салатын талаптарды қатаң орындай отырып, әрбір адамның құқықтары сақталуы үшін барлық қажетті іс-қимылдарды жасады, сондай-ақ қызметкерлерге және іскерлік серіктестерге қатысты кез келген түрдегі кемсітушілікке жол берген жоқ.

2011 жылы Қоғам БҰҰ Жаһандық шартына кірді және қазіргі таңда БҰҰ Жаһандық шартының Он қағидатын ұстанады, сондай-ақ мақсаты әлеуметтік бағдарламаларды жүйелендіру, жетілдіру және іске асыру болып табылатын Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік стартегиясын бекітті.

Осылайша, Қоғам қызметкерлер бірлестіктерінің ботандығын, сондай-ақ олардың ұжымдық шарттарды жасауға қатысты құқықтарын қолдап, құрметтейді. Бұған қоса, Қоғам қызметкерлердің өкілдері кемсітушілікке ұшырамайтынына кепілдік бере отырып, қызметкерлердің өз өкілдерін сайлау құқығын мойындайды.

Қоғамның компаниялар тобында 17 кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді, Қоғамның компаниялар тобы қызметкерлерінің 87 %-ы олардың мүшелері болып табылады. Кәсіподақ ұйымдары тиімді ынтымақтастық және қызметкерлермен тікелей әңгімелесу арқылы қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етеді.

Бұған қоса, Қоғамның компаниялар тобының кәсіпорындары мәжбүрлеусіз және бала еңбегінсіз әрбір қызметкердің өзінің еңбек құқықтарын іске асыруы үшін тең мүмкіндіктері бар екенін ескеріп, кемсітушіліктің кез келген нысандарын болдырмауға міндеттенеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, Қоғамның компаниялар тобында ерлермен тең мүмкіндіктер берумен бірге әйелдердің әлеуметтік құқықтары, бостандығы және міндеттері іске асырылады.

2016 жыл бойында «Самұрық-Энерго» компаниялар тобы қызметкерлерге, іскерлік серіктестерге қатысты кез келген түрдегі кемсітушілікке, сондай-ақ байырғы және саны аз халықтардың құқықтарының бұзылуына жол берген жоқ.

2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін кедергісіз орта құру мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында 164 мүгедектігі бар қызметкер жұмысқа орналастырылды.

Қоғамның компаниялар тобында медиаторлар институты жұмыс істейді, олардың кейбіреулері «Әлеуметтік әріптестік орталығы» КҚ кәсіби медиаторлары мәртебесін алды. Медиаторлар қызметкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қабылдайды, сондай-ақ азаматтардың шағымдарын қарастырып, еңбек дауларын шешуге көмектеседі.

Кәсіподақ ұйымдарымен қатар әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу аясында Қоғам тобында тұрақты әрекет ететін Әлеуметтік-еңбек дауларын реттеу мәселелері жөніндегі комиссиялар құрылды.

Қызметкерлердің ішкі шағымдарын тіркеу үшін «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында «жедел желі» телефондарының, шағымдар мен өтініштердің арнайы жәшіктерінің жұмыс істеу тәжірибесі ендірілді, ұйымдар басшыларының жеке блоктары құрылды және қызмет етеді.

Сондай-ақ, +7 (7172) 69–23–56 сенім телефоны мен Қоғамның лауазымды тұлғаларының және басқа қызметкерлерінің заңға қарсы әрекеттері фактілері бойынша жазбаша өтініштерді қабылдау үшін trust@samruk-energy.kz электрондық пошта жақсы жұмыс істейді. Есепке алуды жүргізу үшін кіріс өтініштер мен оларға берілген жауаптарды тіркеу журналдары жүргізіледі. Келушілердің құпиялылығын қамтамасыз ететін бөлек орналасқан кабинет бар.

2016 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Алаяқтыққа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаты өзектендірілді, Қоғамның компаниялар тобының қызметкерлері онымен 100 % таныстырылды. Жыл сайын Қоғам қызеткерлерінің Саясатты, Іскерлік этика кодексін білу деңгейіне тестілеу жүргізіледі. Кодекс этикалық нормаларды және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын пайдалану негізінде даму және мүдделі тұлғалармен өзара тиімді ынтымақтастық үшін басқарушы құрал болып табылады.

Қоғамның Директорлар кеңесінің 28.08.2014 ж. шешімімен Болжанатын бұзушылықтар туралы хабарлау саясаты бекітілді. Саясатқа сәйкес, ІАҚ Қоғамның сенім поштасына келіп түскен өтініштердің қарастырылуына мониторинг және бақылау жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, ІАҚ ұсыныстары бойынша, Қоғамның барлық компаниялар тобында болжанатын бұзушылықтар туралы хабарлау үшін сенім поштасы орнатылды.

Алаяқтық және сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының лауазымды тұлғаларына және қызметкерлеріне қатысты БАҚ-дағы теріс жарияланымдарға тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.

Шағым берудің ресми механизмдері арқылы берілген, өңделген және реттелген еңбек қатынастарының тәжірибесіндегі шағымдардың саны

Көрсеткіш Мағынасы
1. 2016 жыл ішінде шағым берудің ресми механизмдері арқылы берілген еңбек қатынастары тәжірибесіндегі шағымдардың жалпы саны, олардың ішінде 78
1.1. есептік кезек ішінде өңделді 78
1.2. есептік кезек ішінде реттелді 75
2. Есептік кезең басталғанға дейін берілген және есептік кезең ішінде реттелген еңбек қатынстарының тәжірибесіндегі шағымдардың жалпы саны көрсетілсін 3

Кәсіподақтармен жасалған ресми келісімдерде денсаулық және қауіпсіздік мәселелерін көрсету

Көрсеткіш Мағынасы
1. Кәсіподақтармен жасалған ресми келісімдерде (жаһандық немесе жергілікті деңгейде) денсаулық және қауіпсіздік мәселелері қозғала ма Иә
2. Егер де қозғалатын болса, ұйым қол қойған жергілікті келісімдермен қамтылған денсаулық және қауіпсіздік мәселелерінің дәрежесіне қатысты мәліметтер көрсетілсін. Әдете жергілікті деңгейдегі келісімдер, мынадай мәселелерді қозғайды:
2.1. Жеке қорғаныш құралдары Иә
2.2. Басшылық пен қызметкерлер өкіледерінің қатысуымен денсаулық пен қауіпсіздік жөніндегі бірлескен комитеттер Иә
2.3. Қызметкерлер өкілдерінің денсаулық және қауіпсіздік мәселелері бойынша инспекцияларында, аудиттерде және жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысуы Иә
2.4. Білімі және оқыту Иә
2.5. Шағымдарды берк механизмі Иә
2.6. Қауіпті жұмыстардан бас тарту құқығы Иә
2.7. Аралық инспекциялар Иә
3. Егер де қозғалатын болса, ұйым қол қойған жергілікті келісімдермен қамтылған денсаулық және қауіпсіздік мәселелерінің дәрежесіне қатысты мәліметтер көрсетілсін. Әдетте жаһандық деңгейдегі келісімдер, мынадай мәселелерді қозғайды:
3.1. Халықаралық еңбек ұйымның ұсыныстарына сәйкес келу (ХЕҰ) Иә
3.2. Проблемаларды шешу бойынша шаралар немесе құрылымдар Иә
3.3. Нәтижеліліктің мақсатты стандарттарына немесе іс жүзінде қабылданатын әдістердің деңгейіне қатысты міндеттемелер Иә
«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Scroll Up