«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Ұйым аудиті

АУДИТОРЛЫҚ ҰЙЫМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

2012 жылдан бері Қоғамның сыртқы аудиторы Pricewaterhouse Coopers (бұдан әрі – PwC) фирмалар желісі болып табылады. Аудит қызметін көрсеткен алдыңғы компания – KPMG.PwC «Самұрық-Энерго» АҚ-ға мынадай қызмет түрлерін көрсетеді:

  1. Шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілік аудиті;
  2. Консультациялық қызмет;
  3. Оқыту.

PwC фирмалар желісі бизнес клиенттердің құнын ұлғайтуға бағытталған аудит, салық және консалтингтік қызметтерді көрсетеді. Әлемнің 157 еліндегі 223 468 адам жаңа ұстанымдарды әзірлеу және клиенттерге практикалық кеңестер беру үшін өздерінің идеяларын, тәжірибелерін және шешімдерін біріктіреді. Неғұрлым ьолық ақпаратты мына сілтеме бойынша ала аласыздар: www.pwc.kz.

PwC трансұлттық мұнай-газ және электр энергетикалық компанияларға қызмет көрсететін жетекші фирма болып табылады. Өнімдер мен ресурстарды осы салаға жинақталған, бірыңғай тәжірибеге кіріктіру мейлінше жоғары сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді және клиенттердің қызметіне қосымша құндылық енгізеді. PwC клиенттер білім мен тәжірибенің артықшылықтарын пайдаланып, оның бәрін күнделікті қызметінде пайдалануы үшін жергілікті жерлердегі жұмыстарға әлемдік ресурстарды тартады.

Қазіргі кезде PricewaterhouseCoopers Казахстан қызметкерлерінің саны Алматы және Астана қалаларында 400 адамнан артық, ол ұлттық және халықаралық клиенттердің маңызды тізіміне қызмет көрсетеді. Бұдан бөлек, компания Орталық Азия өңірінде белсенді жұмыс жасайды: Бакуде (Әзербайжан), Ереванда (Армения), Тбилисиде (Грузия), Бішкекте (Қырғызстан), Ташкентте (Өзбекстан), Ашхабадта (Түрікменстан) және Ұлан-Батырда (Монғолия). Компаниямен бірге отын-энергетикалық секторды, қаржы қызметін, тұтыну және өнеркәсіптік тауарларды, телеоммуникациялар мен қызмет секторын қоса алғанда, экономиканың барлық секторларында оның саны да өсті.

PwC дүниежүзілік энергетикалық тобы құрамында энергетика саласының 4,000 маманы бар дүниежүзілік желі арқылы әрбір энергетикалық нарық секторында қызметін жүзеге асыратын клиенттерге консультациялық қызмет көрсетуге маманданады. Қазақстандағы PwC мамандарының неғұрлым күрделі әрі техникалық қиындықтары бар жобалармен жұмыс жасау бойынша тәжірибелері бар. Бұл жобалар ойдағыдай жұмыс істеуде – алынған білім энергетика саласындағы және басқа клиенттермен жұмыс жасау барысында пайдаланылады.

PwC кәсіби білімді, салалық ерекшелікті, озық халықаралық тәжірибе мен мәдени әралуандық түсінігін біріктіретін қызметтерді көрсетеді. Бүкіл әлемде біздің аудит бойынша клиенттеріміз 2500-ден астам жылу – және электр энергетикалық компаниялар болып табылады, олардың ішінде мыналар бар:

PwC-тің энергетика саласындағы жаһандық аудиторлық клиенттері:

AGL Resources Inc. Consolidated Edison Inc. N.V. Nuon
Allegheny Energy, Inc. Constellation Energy Group Inc. National Fuel Gas Company
Ameren Corporation DTE Energy Corporation National Grid plc
American Water Works Company E.ON AG NSTAR
BG Group plc Edison International Pepco Holdings, Inc.
British Energy Plc Enbridge Inc Puget Energy, Inc.
Calpine Corporation Energy Australia RusHydro
Centrica plc Exelon Corporation RWE AG
China Power International Generation Company Limited Federal Grid Southern Union Company
CLP Holdings Limited Huaneng Power International, Inc. Southwest Gas Corporation
CMS Energy Corporation Koc Holding A.S. TECO Energy, Inc.

Ірі, жаһандық корпорациялар нарығында жетекші жағдайға ие фирма ретінде PwC жаһандық шоттарды басқару, ресурстарды жұмылдыру, жүйелі өзара іс-қимылды қамтамасыз ету саласында неғұрлым кешенді әрі талапшыл клиенттерге артықшылық берілетінін түсінеді. PwC-тің көшбасшылығы нарықтың үлесімен расталады: PwC «Үлкен Төрттіктің» кез келген басқа фирмасына қарағанда, Fortune Global 500 компаниясының басым көпшілігінің аудитін жүргізеді.

Соңғы 19 жыл ішінде PwC Қазақстанның энергетикалық секторындағы аудиторлық және консультациялық қызметтердің негізгі жеткізушісі болып табылады. PwC Қазақстанның аса ірі тау-кен өндіруші және электр энергетикалық компанияларымен жұмыс жасайды, оларға соңғы бірнеше жыл бойында ХҚЕС-ке сәйкес дайындалған қаржылық есептілік аудиті бойынша көмек көрсетіліп келді немесе қазіргі кезде де көмек көрсетіліп келеді. Қазақстандағы PwC мамандарының неғұрлым күрделі әрі техникалық қиындықтары бар жобалармен жұмыс жасау бойынша тәжірибелері бар. Бұл жобалар ойдағыдай жұмыс істеуде – алынған білім энергетика саласындағы және басқа клиенттермен жұмыс жасау барысында пайдаланылады. PwC-тің Қазақстан бойынша аудит бойынша ең ірі клиенттері мыналар:

Компания Қызмет түрі Кезең
«Самұрық-Энерго» АҚ Холдингтік компания 2008–2010, 2012–2016 жж.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Алматы қ. және Алматы облысы үшін желідегі электр энергиясын тасымалдау, электрді техникалық тұрғыдан тарату жөніндегі қызмет 2010, 2012–2016 жж.
«Алматы электр станциялары» АҚ Алматы қ. және Алматы облысы үшін электр-, жылу энергиясын өндіру 2010, 2012–2016 жж.
«АлматыЭнергосбыт» ЖШС Алматы қ. және Алматы облысы аумағында эдектр энергиясын сатуды жүзеге асырады 2008–2010, 2012–2016 жж.
«Шардара СЭС» АҚ Электр энергиясын өндіру 2007 ж.
«Мойнақ СЭС» АҚ Шарын өзенінде су электр станциясын салу 2008, 2012–2016 жж.
«Маңғыстау электр тораптық бөлу компаниясы» АҚ Маңғыстау облысының мұнай және басқа компаниялары үшін желідегі электр энергиясын тасымалдау, электрді техникалық тұрғыдан тарату жөніндегі қызмет, сондай-ақ шалғай ауылдық аудандар үшін электрді сату жөніндегі қызмет 2008–2010, 2012–2016 жж.
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ «Богатырь» және «Северный» көмір кесіктерінде өндірілетін көмір негізінде электр – және жылу энергияларын өндіру 2005–2009 жж.
«Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» АҚ Электр энергиясын жеткізу және тарату 2012–2016 жж.
«Еуроазиялық Энергетикалық Корпорация» АҚ «Восточный» көмір кесігінде ашық тәсілмен тас көмір өндіру және электр энергиясын өндіру 2005–2016 жж.
«Богатырь Көмір» ЖШС «Богатырь» және «Северный» көмір кесіктерінде ашық тәсілмен тас көмір өндіру 2008–2010, 2012–2016 жж.
«МАЭК – Казатомпром» ЖШС Электр энергиясын өндіру 2014–2016 жж.
Алматы Су Холдинг Алматы қаласында салқын суды тарту, тасымалдау, сату және ағынды суды кәдеге жарату 2010–2012 жж.

Аудиторлық ұйымға аудиторлық қызмет үшін төленген сыйлықақы және 2016 жылғы қаржылық есептілік аудитімен байланысты емес қызмет үшін жеке сыйлықақы

Қызмет 2016 жыл
Аудит 25 360 563 теңге
Консультациялық қызмет 86 949 633 теңге
Оқыту 5 684 984 теңге

Қоғамға аудиторлық ұйымның қызметкерлерін қабылдау

Қоғамның міндетті аудитіне қатысқан аудиторлық ұйымның қызметкерін Қоғамның Басқарма мүшесі, басқарушы директоры және бас аудиторы лауазымына тағайындаған (сайлаған) күннің алдындағы екі жыл ішінде тағайындау мүмкін болған жағдайда мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында Аудит комитетінің алдын ала мақұлдауын алу талап етіледі.

Тәуелсіз аудитордың қорытындысы

«ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС сыртқы аудиторының пікірінше, шоғырландырылған қаржылық есептілік «Самұрық-Қазына» АҚ мен оның еншілес компанияларының 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша барлық маңызды қатынастардағы қаржылық жағдайын, сондай-ақ оның Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес көрсетілген күні аяқталатын жыл үшін қаржылық нәтижелері мен ақша қаражатының қозғалысын дұрыс көрсетеді.

«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Scroll Up