«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Қосымшалар

Есеп туралы

Осы біріктірілген есеп (бұдан әрі — Есеп) «Самұрық-Энерго» АҚ (бұдан әрі — Компания немесе Қоғам) компания қызметі туралы маңызды деректерді көрсетеді. Есеп барлық мүдделі тараптарға «Самұрық-Энерго» компаниялар тобының 2016 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанды қоса алған мерзімде атқарған қызметінің нәтижелері мен жеткен жетістіктерін көрсетеді. Қоғамның осы Есепте көрсетілген 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 2016 жылғы және 2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 2015 жылғы есебі ТОО «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС («PwC») тәуелсіз аудитінің нәтижесі болып табылады.

Осы Есеп аясында компанияның экономикалық қызметі, орнықты даму, қаржы-операциялық нәтижелер мәселелері бойынша ақпарат келтірілген. Ақпарат пен сандық мәліметтер 2016 жыл үшін берілген, алайда көрсеткіштер бойынша берілген ақпаратты салыстыру мен оларға талдау жасаған кезде қолдануға болатын тұстарда 2014 және 2015 жылдардың да деректері пайдаланылды.

Қоғамның қаржылық емес есептерін қалыптастыру тарихы 2010 жылдан бастау алады. 2010 жылы Қоғамның 2009 жылы атқарған қызметінің қорытындысы бойынша бірінші есебі жарияланды.

2011 жылы Қоғам Жылдық есеппен қатар «Самұрық-Энерго» компаниялар тобының орнықты дамуы туралы есепті жариялады, ол 2010 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңді қамтиды. Алдыңғы Біріктірілген жылдық есептің жарияланымы 2016 жылы мамырда өтті.

Қоғам Біріктірілген есепті жыл сайын дайындауды жоспарлайды.

Есеп мазмұнын анықтау үдерісі

Осы есеп «Есептілік бойынша ғаламдық бастама» (бұдан әрі – G4 нұсқасының GRI) есебін дайындау қағидаттарын ескере отырып, электр энергетикасы (Electric utility, EU) саласындағы GRI салалық хаттамасына, БҰҰ Жаһандық шарты есептілігінің талаптарына, сондай-ақ Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкес әзірленді. Есепке кесте қоса берілді, онда Есептегі стандартты элементтердің орналасу реті көрсетіледі (2-қосымшаны қараңыз: Есептің GRI нұсқауына сәйкестілік кестесі).

Есептің қамту саласы мен шекараларын шектеу

Қоғам басқарушы компания болып табылады, ол өндіру қызметімен айналыспайды, сондықтан оның қоршаған ортаға тигізетін ықпалы да елеусіз болады. Осы есепте орнықты даму саласындағы көрсеткіштерді толық ашу мақсатында 36 еншілес және тәуелді ұйымнан тұратын «Самұрық-Энерго» компаниялар тобы (бұдан әрі – Компаниялар тобы немесе Холдинг) бойынша шоғырландырылған ақпарат ұсынылған. Тек мына ұйымдар оған қосылмайды:

  • «Forum Muider B.V. » – басқарушы компаниясы, «РУСАЛ» ЖАҚ – пен бірлескен кәсіпорын (50 % СЭ);
  • Mersal Coal Holdings Ltd, Manetas Coal Holdings Ltd, Grasedol Coal Holdings Ltd, Bleson Coal Holdings Ltd, GROUCH ESTATE Ltd, ALLOYAL Limited, WEXLER LTD, METTLERA CORPORATION LTD, «ЭнергоТрейдУголь» ААҚ, «Ресурсэнергоуголь» ААҚ – «Forum Muider B.V.» еншілес компаниялары;
  • «Бұқтырма ГЭС» АҚ, «Шүлбі ГЭС» АҚ және «Өскемен ГЭС» АҚ– жалға берілген және концессияда.

Есепке енгізілген көрсеткіштерді және басқа ақпараттарды дайындау үшін пайдаланылған болжамдар мен әдістемені қоса алғандағы мәліметтер мен есептеулерді өлшеу әдістері

Мәліметтер дереккөзі мемлекеттік статистика органдарына жыл сайын берілетін ресми есептілік нысандары болып табылады. Көрсеткіштердің бірқатары ішкі аудит рәсімдері аясында компанияның жауапты өкілдері тексеретін ішкі есептілік нысандарына сәйкес жиналып, есептеледі.

Қоғам Есебінде ұсынылған өндірістік, әлеуметтік және экологиялық көрсеткіштерді есептеу, жинау және шоғырландыру есептілік қағидаттарына және GRI Орнықты даму саласындағы есептілік жөніндегі нұсқаудың 4 нұсқасының ұсынымдарына (Global reporting initiative, GRI G4) және Қоғамның корпоративтік басқару рәсімдеріне сәйкес жүргізілді. Орнықты даму саласындағы көрсеткіштердің әр санаты бойынша сандық мәліметтердің қате берілу ықтималдығы барынша азайтылды. Қатынастар мен үлестік шамалар абсолютті мәндермен толықтырылған. Сандық мәліметтер жалпыға бірдей қабылданған өлшем бірліктерін пайдалану арқылы көрсетілген және стандартты коэффиценттердің көмегімен есептелді.

Болашаққа қатысты мәлімдеме

Есепте болашаққа қатысты келтірілген мәліметтер болжамдық сипаттағы ақпаратқа негізделген. «Жоспар» мақсатындағы «санайды», «болжайды», «күтеді», «бағалайды», «көздейді», «жоспарлайды» секілді сөздер мен осы мазмұндас сөздер ақпараттың болжамдық мағынада екенін көрсетеді. Нақты нәтижелердің жоспарлы және мақсатты көрсеткіштерден, күтілетін нәтижелерден, болжамды мәлімдемелердегі бағалар мен ниеттерден айтарлықтай айырмашылықтары болуы мүмкін. Болжамдық мәлімдемелер Есеп жарияланған күнге ғана жарамды. Компания болжамды мәлімдемелердегі күтілетін қызмет нәтижелеріне іс жүзінде қол жеткізілетініне кепілдік бермейді, сондықтан олар неғұрлым ықтимал немесе типтік сценарий ретінде қаралмайды және қарала алмайды.

«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Scroll Up