«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Стратегия

Қаныш Молдабаев

«Самұрық-Энерго» АҚ Стратегия және сату жөніндегі басқарушы директоры

Бүгінгі күні Компанияны ҚР аумағындағы энергетикалық және көмір кәсіпорындарын басқаратын және өз дамуы бойынша нақты пайымы бар ірі ойыншы деп атауға құқылымыз. «Самұрық-Энерго» АҚ Даму стратегиясына сәйкес, Компания қатысу нарығында энергия ресурстарын сенімді әрі бәсекеге қабілетті етіп жеткізуді қамтамасыз етуге, акционерлік капиталдың құнын арттыруға, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мен орнықты дамуды қамтамасыз етуге тырысады. Компания жария еткен стратегиялық мақсаттар тұжырымдамасында орнықты даму және бағаны орнықтырудың барлық тізбесі бойынша бағаны тұрақты орнықтыру философиясын ескере отырып, Компанияның теңгерімді дамуын қарас­тырамыз.

Осылайша, Компания 2016 жылы экспорт көлемін (РФ және Қырғызстан) кеңейту, Екібастұз көмірін байыту мүмкіндіктерін зерттеу, Компанияның электр станцияларында электр энергиясын сақтаудың инновациялық жүйелерін қолдану, экологиялық таза технологияларды ендіру, құнды қосу және электр станциясын жұмыс режимінде қолдау мақсатында іске асырылатын инвестциялық жобаларды іске асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізді.

Сонымен қатар, Компанияның орнықты даму саласында атқарған жұмыс ауқымы бөлек екенін атап кету қажет. Компанияның Корпоративтік басқару кодексінің талаптары оның күнделікті мәселелерін шешуде жаңа тәсілдерді қолдана және келешекке бағдар ұстай отырып, қызметін жаңа қағидаттар бойынша жүргізуге міндеттейді. Ағымдағы жағдайда орнықты даму тренді ауқымды нысанға ие болып отыр. Осыған байланысты, Компания барлық бағаны қалыптастыру тізбесінде орнықты даму тұжырымдамасын ендіруге ниетті.

Осы мақсаттар үшін Компания теңгерімді түрде қызметте ескерілетін және пайдаланылатын қажеттіліктер мен болжалдарды анықтай отырып, тұрақты негізде стейкхолдерлерімен өзара іс-қимыл жасайды. 2016 жылы біз орнықты даму саласындағы саясат пен тұжырымдаманы, ішкі және сыртқы ортаның талдауын, орнықты даму саласындағы негізгі тәуекелдерді, стейкхолдерлер картасын, маңыздылық матрицасын және ең бастысы – орнықты даму саласындағы мақсаттарды реттейтін Орнықты даму саласындағы нұсқаулықты әзірледік. Компанияның орнықты даму мәселелеріндегі жауапты саясат Компанияның алдына қойылған мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді деп сенемін.

МИССИЯ

ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ МЕН ҰҚЫПТЫ ӨНДІРУ ҚАҒИДАТТАРЫН БАСШЫЛЫҚҚА АЛА ОТЫРЫП, ЕУРАЗИЯ ЖЕТКІЗУШІСІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫ ЭНЕРГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАУДЫҢ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КЕПІЛІ РЕТІНДЕ АКЦИОНЕРЛЕР, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҮШІН ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

ПАЙЫМДАУ

ЕУРАЗИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ТИІМДІ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ХОЛДИНГ – ҚАЗАҚСТАН НАРЫҒЫНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ


Компанияның миссиясы мен пайымдауы бірінші деңгейдегі үш стратегиялық мақсатқа қол жеткізу арқылы іске асырылады. Бірінші деңгейдегі бұл стратегиялық мақсаттар акционер қойған НҚК-лармен өзара байланысты және әрбір бизнес-бағыт бойынша екінші деңгейлі стратегиялық мақсаттарды іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі.

Бірінші деңгейдегі стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу Орнықты даму саласындағы нұсқаулықпен (бұдан әрі – Нұсқаулық) қабысады. 2016 жылғы 12 желтоқсанда Компанияның Орнықты даму саласындағы нұқсаулығы бекітілді. Аталған Нұсқаулық экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерді қоса алғанда, Компания қызметінің барлық аспектілерін ескереді.

Нұсқаулық Компанияның құнын арттыру жөніндегі тапсырмалар туралы ұмытпай, орнықты дамудың негізгі факторларына, тиімді басқаруға және стейкхолдерлердің мүдделеріне назар аударады.

«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Scroll Up