«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
2016 жылдың негізгі оқиғалары

1 Қаңтар

«Шардара СЭС» АҚ үшін жеке тариф қолданысқа енгізілді

2016-2020 жж. кезеңге өңірлік энергия жеткізуші компаниялар («АЖК» АҚ, «ШҚ АЭК» АҚ және «МЭБК» АҚ) үшін шекті ұзақ мерзімді тарифтер қолданысқа енгізілді

Газға және тасымалдауға белгіленген тарифтердің өсуі салдарынан «АлЭС» АҚ үшін төтенше реттеуші шаралар ретінде тариф­тер қолданысқа енгізілді

«Екбастұз ГРЭС-1» ЖШС жеңілдікті тарифтер бойынша қосымша 7 субъект үшін электр энергиясына жеңілдікті тарифтер енгізілді (Үкіметтің тапсырмасы мен ҰЭМ ТМР ж БҚК хаттарына сәйкес)

19 ақпан

Standard & Poor’s – тің «BB/B» деңгейінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерді растады және рейтинг бойынша болжам өзгерді

26 ақпан

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын еншілес және тәуелді ұйымдарының тізбесі мақұлданды

Жалғыз акционердің акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын сату арқылы жарияланған акциялар саны шегінде «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 10 964 (он мың тоғыз жүз алпыс төрт) дана жай акциясы орналастырылды

11 наурыз

Қапшағайдағы күн электр станциясы базасында EnergyCell энергия жинақтаушы жүйе (батарея) іске қосылды. Бұл технология ТМД мен Орталық Азия аумағында тұңғыш рет қолданылуда

17 наурыз

Қазақстан Ресейге электр энергиясын экспорттауды жаңғыртты. 2016 жылғы 17 наурыздан бастап «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның екінші энергия блогы іске қосылып, Ресей энергия жүйесі үшін Қазақстан электр энергиясының жеткізілімі жүзеге асырылуда

4 сәуір

Директорлар кеңесінің 2 791 018 дана жай акцияны орналастыру туралы шешіміне (2016 жылғы 30 наурыздағы № 3 хаттама) сәйкес, «Самұрық-Энерго» АҚ басым сатып алу құқығын пайдаланып, 1 096 448 дана жай акцияны бір акция үшін 10 000 теңгеден сатып алды, сол арқылы БЖЭС акцияларын 50%-1 акцияға дейін иелену паритетіне қол жеткізді

8 сәуір

Маңғыстау облысының әкімі А.С.Айдарбаевтың қатысуымен «Маңғыстау электр тораптық бөлу компаниясы» АҚ-да ӨДО-ның (өңірлік диспетчерлік орталық) ашылу рәсімі өтті Электр желілерін басқарудың озық кешені Маңғыстау облысы энергетикалық жүйесінің кепілді әрі дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Жоба «Маңғыстау ЭБК» АҚ-ның 2013-2016 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы аясында іске асырылды. Диспетчерлік орталық персоналдың энергия жүйесінің жұмысындағы ауытқушылықтарға қысқа мерзім ішінде жедел жауап беруіне мүмкіндік беретін мейлінше жаңа техникалық әрі бағдарламалық құралдармен жабдықталды

16 сәуір

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС «Электрические станции» ААҚ-ға (Қырғыз Республикасы) 200 МВт көлемінде электр энергиясын жеткізді

5 мамыр

«Самұрық-Энерго» АҚ рейтингі Fitch Ratings рейтинг агенттігінің «Тұрақты» болжамы бойынша «BB+»-ке дейін төмендеді (төмендеу Қазақстан Республикасының егемен рейтингінің төмендеуіне байланысты)

20 мамыр

№ 3 ст. жаңа турбиналық агрегаттың пайдалануға беру актісіне қол қойылды. Жобаны іске асыру станцияның белгіленген қуатын 88-ден 118 МВт-ға дейін ұлғайтты. Ол жылына 240 млн. кВт•с. Көлемінде қосымша электр энергиясын өндіруді қамтамасыз етеді. Жаңа № 3 турбиналық агрегатты салудан бөлек, өз инвестициялары есебінен кәсіпорында суды тазарту және дайындау жүйесі орнатылды, станцияның жеке мұқтаждықтарын ауыстыру бойынша кернеуі 6,3 кВ-ға 3,15 кВ 2 секцияның жабдықтары ауыстырылды, жаңа желдеткіш градирнясы мен циркуляциялық сорғы іске қосылды

 28 маусым

«Самұрық-Қазына» АҚ-дан Таулы Қырат жобасын қаржыландыру үшін 6,7 млрд. Теңге сомасына 5 000 дана акцияны сатып алуға өтінім алынды

30 маусым

«Карагандагипрошахт и К» ЖШС-ның 90,0004% қатысу үлесі және  «Шелек-28» ЖШС-ның 70% қатысу үлесі сатылды

21 қыркүйек

Алматы ЖЭО-2-ні қайта құру және кеңейту аясында № 8 қазандық агрегатын іске қосу рәсімі өтті. Жаңа қазандықты іске қосу қаланың – «Универсиада-2017» жаңа объектілерінің, «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша индустриялық аймақ пен құрылыстың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. №8 қазандық агрегатын іске қосу ЖЭО-2-нің жылу қуатын 20%-ға:
1 176-дан 1 414 Гкал/сағ. арттырып, жылына қосымша 450 млн. кВт•с электр энергиясын өндіруді қамтамасыз етеді

26 қыркүйек

ЕҚДБ-дан 2016 жыл үшін Қоғамның Қарыз/EBITDA ковенантын бұзу бойынша келісім-хаты (waiver) алынды

24 қараша

ISO 9001:2015 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес Қоғамның корпоративтік менеджмент жүйесі жаңа
редакцияда расталды

30 қараша

Екібастұз ГРЭС-1-де АТҚ-500 кВ жаңғырту бойынша ауқымды жоба аяқталды, ол маңызы бойынша Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесінің жүйе құраушы қосалқы станциясына жатады. Жаңғырту электр энергиясы оңтүстік бағытқа тасымалданып, одан соң Ресейге экспортталатын Солтүстік Қазақстан электр желілерінің дұрыс жұмыс істеуін елеулі деңгейде арттырады. АТҚ-500 кВ жабдығының қызмет ету мерзімі 30 жылға ұзартылатын болады

9 желтоқсан

Қоғамның еурооблигацияларын қайта қаржыландыру аясында ЕҚДБ-мен 100 млн. еуро сомасына кредиттік шарт жасалды

21 желтоқсан

Standard & Poor’s рейтинг агенттігі Қоғамның кредиттік ұзақ мерзімді рейтингін «ВВ-» деңгейінде азайтып,  қысқа мерзімді рейтингін «В» деңгейінде растап, болжамды «Тұрақтыдан» «Жағымсызға» өзгертті

«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Scroll Up