«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Директорлар кеңесі Төрағасының кіріспе сөзі

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы

Қуаныш Бектеміров

Құрметті оқырман!

«Самұрық-Энерго» АҚ Республикада энергия ресурстарының сенімді жеткізушісі болып табылады. Компания тұрақты даму қағидаттарын ұстана отырып, Акционер, қызметкерлер, қоғам және болашақ ұрпақ алдындағы өз жауапкершілігін толық сезінеді. Қоршаған ортаға қамқор бола отырып, Компания экологиялық жағынан таза технологияларды енгізуде.

Нарық конъюнктурасы нашарлап, энергия көзін пайдаланатын өндіріс көлемі азайған және өндірілген қуаттар артылып қалған жағдайларға қарамастан, «Самұрық-Энерго» АҚ бекітілген Стратегияны табысты жүзеге асырып, электр энергиясы мен көмір сату көлемін мүмкіндігінше ұлғайтуда, соның нәтижесінде Республика бойынша электр энергиясы нарығының 24 % үлесін, көмір өндірудің 36 % үлесін иеленіп отыр.

Экономикадағы ахуал акционер бастамашы болған Трансформация бағдарламасының дер кезінде қолға алынғандығын көрсетіп отыр. Компанияда жүргізіліп жатқан өзгерістердің басты мақсаты – Акционер үшін құндылықтарды құру және пайдалылықты арттыру.

Есепті кезең ішінде Акционер Директорлар кеңесінің құрамын бекітті, біз компанияның Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін, тәуелсіз директорлар Андреас Сторзел мен Хоакин Голанд Велезді, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерін қорғайтын өкіл ретінде Нұрлан Рахметовті қарсы алуға қуаныштымыз. Электр энергетикасы саласы мен қаржы секторындағы бай халықаралық басқару тәжірибесі біздің құзыретімізді корпоративтік басқару кодексінің талаптарына сәйкес айтарлықтай күшейтеді деген үміттеміз.

Директорлар кеңесінің уақытылы қабылдаған шешімдері өндірістік және басқару процестерін оңтайландыру нәтижесінде «Самұрық-Энерго» АҚ-ның операциялық тиімділігін арттырды. Басқарудағы жинақылық қамтамасыз етілді, бұл операциялық холдингке көшудегі алғашқы қадам болып табылады.

«Электр энергиясы мен қуат нарығында көшбасшылықты нығайту, экспорт бағытына шығу» атты 2025 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясының индикаторына қол жеткізу аясында маркетинг пен трейдинг функцияларын орталықтандыру жұмыстары жүргізілуде. «Самұрық-Энерго» АҚ-да электр энергиясы мен көмір экспортын дамыту және кеңейтумен айналысатын «Сауда үйі» құрылды.

Мұнымен қатар Компания жобаларды басқару, өндіріс пен жөндеуді басқару үрдісін өзгертуді қоса алғанда, қызметтің барлық бағыттарын күшейтуді қамтамасыз етеді. Жаңа ұйымдық құрылымға көшудің негізгі талаптарының бірі меритократия қағидатына негізделген кадрларды іріктеу мен орналастыруға қатысты бірыңғай ұстанымды енгізу болып табылады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның бәсекелес ортаға беруге ұсынылған активтерін сатуға қатысты іс-шаралар жалғасын тапты. Жекешелендірілетін активтердің көпшілігі табиғи монополиялардың субъектілері болып табылады, олардың тарифтік саясатын мемлекет бақылайды. Жекешелендіру процесі аяқталғаннан кейінгі компанияның мақсатты құрылымын белгілеу қаржы нарығына шығар алдында инвесторлар мүддесі үшін Самұрық-Энерго компаниясына бағалау жүргізуге мүмкіндік береді.

2016 жылғы күзде компанияның кадр резервімен өткізілген кездесу корпоративтік басқарудың оң тәжірибесіне айналды, болашағынан үміт күттіретін жас мамандардың алдында компания келешегімен байланысты зор міндеттер тұр.

«Самұрық-Энерго» АҚ командасының алдындағы күрделі міндет тұр, бұл бекітілген ұзақ мерзімді даму стратегиясын тиімді іске асыруға және Жалғыз акционердің болжамдарын орындауды қамтамасыз ететін, клиентке бағдар ұстаған, бәсекеге қабілетті операциялық холдинг құру.

«Самұрық–Энерго» АҚ | Біріктірілген жылдық есеп
Scroll Up